Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Тәлімі мол мәуліт айы – мүбәрак болғай!»
    Жаңалықтар

    «Тәлімі мол мәуліт айы – мүбәрак болғай!»

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.01.2016424 Views
    SAMSUNG CSC

    Қасиетті Мұхаммед пайғамбарымыз дүниеге келген күн – Мәуліт мерекесінің іс-шарасы Оңтүстікте кеңінен атап өтілді. Рухани кеште алаштың айтулы өнерпаздары мен арқалы ақындары өнер көрсетіп, зиялы қауым өкілдері мен қалың бұқараның ықыласына бөленді. Мәуліт – араб сөзінен аударғанда «туылған күн» деген мағына береді. Яғни, айтулы күнде 571 жылы, Рабиул-әууал айының 12-сінде адамзаттың абзалы, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с дүниеге келген. Сондықтан да осы ай, барша мұсылман қауымы үшін қуаныш пен шаттық мерекесі болып есептеледі. Діни тұрақтылық пен қоғамдық келісімді берік ұстанған Қазақ елінде бұл мереке бірнеше жылдан бері дәстүрлі атап өтілуде. Алланың соңғы елшісі Мекке қаласындағы Абдуллах пен Әминаның жанұясында дүниеге келген. Осы сәтте әлемде түрлі ғажайып оқиғалар орын алған деседі.Sequence 01.Still008

    Пайғамбардың өмір есігін ашқан сәтін Оңтүстік өнерпаздары шебер көрсете білді. Шынайы орындалған сахналық қойылым жұртшылықтың көңілінен шығып, көзіне жас келтірсе, бауырмалдыққа, ізгілікке үндеген әндер мендін жайындағы салауат өлеңдерді халыққа арнаған өнерпаздар көптің ықыласына бөленді. Арқаның айтулы ақындары, жергілікті суырып салма сөз шеберлері Біржан Байтуов пен Нұрлан Есенқұловтар да рухани кешке үлестерін қосты. Ислам діні жайында сөз өрбіткен айтыскерлер, қоғамдағы орын алып жатқан өзекті мәселелерді де тілге тиек етіп, жұртшылықты сабырға шақырды. Тұғырлы Тәуелсізке қол жеткелі халықтың дінге деген көзқарасы оңынан қалыптасып, имандылыққа бой ұра бастаған. Мұны концерт залына жиналған қалың көпшіліктің қарасы-ақ аңғартады. Осы тұста жамағатқа уағыз айтқан дін өкілдері бұқараны жат ағымның жетегіне ермеуге, дәстүрлі дініміз исламның Әбу Ханифа мазғабын ұстануға шақырды. Ал көпті көрген қарияларды иманды жастардың қатарының көбеюі қуантады екен.

    Әбдімүтәлі ЖҰМАШ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.