Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыста алғаш рет Әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды
    Жаңалықтар

    Облыста алғаш рет Әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.01.2016178 Views

    Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» еңбегінің алғашқы кіріспесі  халық мүддесіне қызмет  ететін мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден басталып отыр. Осы мәселе жұма күні облыс әкімдігінде де кеңінен талқыға түсті. «Жаңа кәсіби стандарт» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Облысымызда бас-аяғы  8217 мемлекеттік қызметкер бар. Олардың халықпен жұмыс істеу барысында этикалық нормаларды сақтауына жауапты қызметкер тағайындалды. Яғни бұл тың саланы «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алып қайтқан, қадр және мемлекеттік реформалау саласын жетік меңгерген Әсет Байсынов  тізгіндеді. Айта кету керек,  өңірдің әдеп жөніндегі жаңа уәкілі бұл сәтке дейін  облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген. Сонымен қатар, оның атқаратын негізгі қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен әдеп  кодексін бұзушылықтың алдын-алуды қамтамасыз ету де жатады.12046993_1493448717649403_2738003183442546943_n 2016 жылы бастап мемлекеттік қызметшілер де жауапкершілікпен қатар жалақыда да артып отыр. Яғни әрбір халыққа қызмет етушінің айлық табысы бұрынғыдан орта есеппен алғанда 30 пайызға артты. Жаңа Әдеп кодексі туралы баяндама жасаған  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Берік Бекжанов  бұл құжат ең бірінші кезекте  қарапайымдылық пен қанағатшылдықты мемлекеттік қызметкерлердің бойында қалыптастыруды  көздейді дейді. Мамандығына сәйкес емес, алайда басшылық қызмет атқарып отырған билік басындағылар өз саласына қаншалықты жауапкершілікпен қарауда?! Өз еңбек жолын мысал ете отырып, сөз алған Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Бәшенов: «Биікке барып, топ ете қалғаннан, төменнен тәжірибе жинақтау арқылы көтерілгенде мемлекеттік қызметтің қадір-қасиеті болатындығын» ерекше атап өтті.

    Ботагөз МӘДІБЕК

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.