Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстіктің бес жылдық даму бағдарламасы әзірленді
    Жаңалықтар

    Оңтүстіктің бес жылдық даму бағдарламасы әзірленді

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.01.2016212 Views

    ҚР Президентінің «ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес, облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасы дайындалды. Бағдарламада экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, мемлекеттік қызметтер деп аталатын 6 бағыт қамтылған. Алдағы бес жылда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі мен өңдеу өнеркәсібі 101 пайыздан 103 пайызға өссе, ауыл шаруашылығына бағытталған инвестиция көлемі 129 пайыздан 145 пайызға артады. Ал жалпы өңірлік өнімдегі (ЖӨӨ) ауыл шаруашылығының үлесі 9 пайыздан – 12 пайызға көбеюі шарт. Білім саласында да атқарылар шаруа көп. Облыстың білім беру саласына жауапты басшылық құрам 2020 жылға дейін өңірдегі апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің толықтай жойылуына атсалысып, барлық баланың балабақшамен қамтылуына септігін тигізеді. Яғни, бүгінгі таңда өңірдегі балғындардың мектепке дейінгі мекемемен қамту үлесі 80,2 пайызды құраса, бес жылдан соң бұл көрсеткіш 100 пайызға жетуі тиіс. Ал инклюзивтік біліммен қамтылған балалардың үлесін 15,2 пайыздан 20 пайызға шығару жоспарлануда. Болашақтағы бес жылда денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер орын алуы тиіс. Тиісті жұмыстарды атқару нәтижесінде салада ана мен бала өлімін одан әрі азайту көзделіп, атап айтсақ, нәресте шетінеуінің деңгейін 1000 туылғандарға шаққанда 9 дейін, ана өлімін 13,8 дейін төмендету болжанып отыр. Сондай-ақ, негізгі әлеуметтік маңызды аурушаңдықты төмендетуды, МТБ жабдықталуын 80% жабдықталуын қамтамасыз етеды. Әлеуметтік қолдау саласында жұмыссыздық деңгейі 2020 жылға дейін 4,7 пайызға дейін төмендету, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздықты 2,7 пайызға, ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтың үлесін 6 пайызға азайту қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 2016-2020 жылдары облыста көлемі 1671,8 мың ш.м. болатын тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарының өсімі 1,5-2% деңгейінде қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Ал өңірдегі жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы деңгейі таяудағы бес жылда 65,1 пайызға дейін жеткізілетін болады. Коммуналдық салада да алатын өзгерістер баршылық. 2020 жылы қалалық жерлер 100 пайыз, ауылдық жерлер 80,2 пайыз орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілсе, көгілдір отынға қол жеткізген халықтың үлесі 56,7 пайызға жететін болады. Ал қатты тұрмыстық қалдықтардың 10 пайызы өңделіп, қайта кәдеге жаратылатын болады. Аталған бағыттар бойынша жасалған даму жоспары алдағы уақытта облыс мәслихатына ұсынылып, мәслихат сессиясында бекітілетін болады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.