Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарындағы кадрлық саясат мәселелері жөніндегі ҚР Президенті жанындағы комиссия мен Қазақстан Республикасының Премьер министрі облыстар, Астана мен Алматы қалалары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро аумақтық департаменттерінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшыларын тағайындады. Ведомство ақпаратына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ұлттық бюросының төрағасы Қ. П. Қожамжаровтың 2016 жылғы 12 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы болып Ахметов Мұрат Жамбылұлы ал, Жамбыл облысы бойынша Қожабаев Мақсат Аманқұлұлы тағайындалды.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат...









