Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Суда қалған малдар құтқарылды
    Жаңалықтар

    Суда қалған малдар құтқарылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.12.2015283 Views

    Қыс мезгілінде қауіп тек қана адамға емес, үй жануарларына келуі мүмкін. Бұған дәлел ретінде жуырда Түркістан қаласы Ескі Иқан елді мекенінде орын алған оқиғаны келтіруге болады. Ескі Иқан елді мекенінде мал шаруашылығымен айналысатын тұрғыннан Түркістан қаласы әкімшілігіне хабар келіп түскен болатын. Иқан өзенінің сулары жағалаудан шығып, жайылымдағы 2 мал қора суда қалып кететіндігі жергілікті тұрғынды қатты алаңдатты. Ал, қорадағы ірі және ұсақ мал аралас –ге жуық малдың судың ортасындағы жайылымда қалғаны оның мазасын алды. Түркістан қаласы Ескі Иқан елді мекеніне Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы шұғыл түрде шығып кетті. Оқиға орнына Түркістан қаласының әкімі, оның орынбасары және «Қазсушар» РМК мамандары да жетті. Жедел түрде Арыс-Түркістан каналынан Иқан өзеніне су жіберуді тоқтату туралы «Қазсушар» мекемесінің мамандарына тапсырма берілді. Келесі күні таңертен су деңгейі төмендеді, ал судың ортасында қалған жайылымдағы 200 жуық мал айдап шығарылды. Бұл оқиғаның орын алу себебі жаз айларынан басталады. Ескі Иқан елді мекеннің тұрғындары Иқан өзенінде өз еркімен қолдан дамба жасаған екен. Өзеннің екі жағалауынан және өзеннің ортасынан дамба құрып, су жинайтын орын жасаған. Суды күнделіктегі тұрмыстағы қажеттілігі үшін пайдаланған болатын. Қыс өз жамылғысымен жетіп келді, ал адамдардың немқұрайлығы келенсіз жағдайға алып келе жаздады. Осындай оқиғаларды алдын алу үшін ТЖД-нің басшылығы қалалар мен аудандардың әкімшілігіне су басу қауіпті учаскелерді зерттеп шығу туралы тапсырма берді. Ал,Түркістан қаласының билік органдары да рұқсатсыз салынған дамбаны жедел түрде бұзу туралы тапсырма алды.

     

     

     

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.