• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлағатты ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері Сейтжан Құртаевтың атына көше берілді

26.12.2015
0

444

Шымкент аумағының ұлғайғандығына байланысты, қала құрамына енген кейбір мөлтек аудандарда әлі көше атауы жоқ болатын. Осыған байланысты, ағымдағы айдың алғашқы аптасында өткен  Облыстық мәслихаттың әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысында атауы жоқ көшелердің мәселесі сөз болған. Басқосуда шаһардағы 3 ауданға қарасты шағынаудандардағы көшелерге жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімі берілетін болып шешілсе, бүгін  халық қалаулыларының көтерген  сол мәселелері оң шешімін  тапты. Яғни шаһардағы Қызылжар шағынауданындағы 1200 метрге созылып жатқан көше ендігі жерде Сейтжан Құртаевтың есімімен аталады.3333333333333333Сейтжан Құртаев – есімі оңтүстікке етене таныс тұлға. Ұлы Отан соғысының ардагері, халық ағарту саласын дамытуда айырықша үлес қосқан  Сейтжан Құртаев мектепте мұғалімдік қызметте жүре тұра, 1941 жылы майданға өзі сұранып аттанады. Неміс басқыншыларына қарсы тойтарыс берген сәттердің бірінде жарақат алып, 1943 жылы туған елге жаралы күйде оралады. Отанын жау қолынан азат еткен қаһарман ердің ерлігі бағаланып, 1946 жылы ҰОС ерең еңбегі  үшін, 1971 жылы Ұлы  Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медальдарымен марапатталады. Өмірінің соңына дейін ұлағатты ұстаз — қызметті абыроймен атқарып, талай шәкіртті үлкен өмірге қадам бастырған білікті басшы болды.  Білім саласында көптеген қызметтер атқара жүріп жас ұрпаққа жол көрсетіп, саналы тәрбие бере білді. Міне, осындай тау тұлғаның есімі Шымкенттегі  Қызылжар шағынауданындағы көшелердің біріне берілген болса, сол көше бүгін ресми түрде ашылды. Ендігі жерде Ермат ата атындағы көшесімен  қатар тұрған көше бүгінгі күннен бастап   ардагердің есімімен аталады. Маңызды жиынның салтанатты түрде ашылуына ұстаздың өзінен тараған ұрпағы, Абай аудандық әкімдігінің өкілдері, көше тұрғындары, және шәкірттері арнайы келді. Құртаев Сейтжан 1912 жылы 20 мамырда Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Ташкенттегі Орта Азия универститетінің  физика-математика факультетінің математика пәні мұғалімдік мамандығын алып шыққан жас өрен алғашқы еңбек жолын туған ауылында ұстаздық қызметінен бастады. Сол жылдары Хадиша анамызбен бас қосып 5 ұл, 6 қыздың әкесі атанды.6661200 метрді құрайтын бұл көшенің арнайы асфалт төселіп, абаттандыру секілді жұмыстарына ұлағатты ұстаздың ұрпақтары тікелей атсалысқан. Жалпы бұл Құртаев көшесі деп бейресми аталғанына 3-4 жылдың жүзі болған, дегенмен ресми түрде бұл мүдде енді орындалды.  Айта кету керек, Сейтжан Құртаевтың жүріп өткен өмір жолы бүгінгі ұрпаққа өнеге. Өткенсіз болашақ жоқ, бүгінгі бейбіт күнді ұрпағына сыйлаған есіл ерлерге бұл келер ұрпақтың көрсетіп жатқан құрметі деп бағалаған жөн. Себебі, бабалар есімін ұлықтау ұрпақ парызы.

Ұлдархан Уәлиханқызы

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.