Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мақтаралда «Әлеуметті қолдау-әлеуетті қолдау» атты қайырымдылық акция өтті
    Жаңалықтар

    Мақтаралда «Әлеуметті қолдау-әлеуетті қолдау» атты қайырымдылық акция өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.12.2015400 Views

    «Нұр Отан» Партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Оспанов Мақтарал ауданына арнайы іс-сапармен барып, жергілікті жердегі партия активімен кездесті. Яғни аудандағы партия филиалының атқарып жатқан жұмыстарымен танысқан Берік Серікұлы жүйелі жұмыстарды әрмен қарай жандандыру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Басқосуда алғаш болып баяндама жасаған «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Әбдіманап Байдуллаев атқарылған жұмыстарды жан-жақты сөз етті. Айта кету керек, көшбасшы партияның аудандағы филиалының жетістіктері де аз емес. Мәселен тұрғындардың талап-тілектері тыңдалып, мәселелерін шешу жолдары қарастырылатын қоғамдық қабылдауларда  Мақтарал ауданының мерейі үстем. Өйткені, билік партиясының аудандық филиалы «Қоғамдық қабылдау»  жөнінен биыл Республика бойынша екінші орынға ие болған.1064741_539586009550642_5261131083802816176_oБаяндамдан соң Берік Серікұлы партияның аудандық филиалының атқарған жұмыстарына оң бағасын бере отырып, нақты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Айталық, Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау, Бастауыш партия ұйымдарын нығайту, Қоғамдық қабылдауларды күшейту сынды міндеттер қойып, партия жұмысын жандандыру қажеттігін баса айтты.1614270_539586229550620_4193296962107300363_oОсылайша партия филиалының алда атқаруы тиіс мақсат міндеттерін айқындап берген Берік Серікұлы мұнан соң аудан көлемінде ұйымдастырылған «Әлеуметті қолдау-әлеуетті қолдау» атты қайырымдылық акциясына қатысты. Аталмыш игі шараны ұйымдастыруға  «Нұр Отан»  партиясының Мақтарал аудандық филиалы ұйытқы болса, қайырымды іске осы ауданнан сайланған облыстық мәслихат депутаты Нұралы Әбіш демеушілік жасаған. Яғни халық қалаулысы бұл күні ата – ана қамқорлығынан айырылған және тұрмысы төмен отбасы балаларына арнап ақ дастархан жайып, мерекелік тартуын ұсынды.

    002

    001

    004Бұл күнгі қайырымдылық акциясы барысында аудан көлеміндегі жалпы саны 172 мұқтаж оқушыларға сыйлық ретінде мерекелік жылы киімдер тарту етілді. Ұдайы қайырымдылық шараларынан қол үзбей, реті келсе өз сайлаушылары мен аудан тұрғындарына көмек көрсетіп жүрген халық қалаулысы Нұралы Әбішке бұл күні ел азаматтары мен ардагерлер қауымы да өз алғыстарын жаудырып жатты. Мерекелік дастархан басында игі тілектер айтылып, барлық акцияға шақыртылған  оқушыларға арнап  алынған сыйлықтар  салтанатты түрде табыс етілді.  «Әлеуметті қолдау-әлеуетті қолдау» атты қайырымдылық акциясында оқушылардың көңілі қуанышқа толса, мерекелік шараның көрігін аудан өнерпаздары қыздыра түсті.

    Абай ОМАР

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.