Полицейлер өз еркімен қару тапсыру акциясының аяқталуына алты күн қалғанын ескертеді. Сондықтан тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына травматикалық және газды-травматикалық қарулары бар болса, оларды өз еріктерімен 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін ішкі істер органдарына өткізуге кеңес береді. Айта кетейік, қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға сыйақы мөлшері қарастырылған. Акция барысында ОҚО ІІД-не 3387 азамат жүгініп, олар өз еріктерімен 3518 бірліктен астам травматикалық және газды-травматикалық қару тапсырған. Қазіргі таңда өз еркімен қару тапсырған 1763 азаматқа сыйақы төленді, төленген қаржы 96,5 миллионнан астам теңгені құрайды.
ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...










