Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Сұрақ-жауап
    • Жарнама беру
    • Мұрағат
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі Әлем чемпионатының күміс жүлдегерін қабылдады
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі Әлем чемпионатының күміс жүлдегерін қабылдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.12.2015Updated:08.12.2015Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Американың Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан ересектер мен әйелдер арасында Әлем чемпионатында 2-ші орынды жеңіп, Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама жеңіп алған жерлесіміз Жазира Жаппарқұл мен оның бапкері — ауыр атлетикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері В.Нюді дүйсенбіде облыс әкімі қабылдады. Кездесуде аймақ басшысы Ж.Жаппарқұлды таяуда ғана Американың Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан ересектер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдесімен құттықтап, 4 миллион теңгенің қаржылай сертификатын табыстады. Ал бапкері В.Нюге 1 миллион теңгенің қаржылай сыйлығы берілді. Басқосуда аймақ басшысы өңіріміздегі спорт саласындағы жұмыстардың жоғары деңгейде атқарылып жатқанын айтып, спортшыларға алғысын білдірді. Еске салайық, осы жылдың 20-29 қараша аралығында Американың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан ересектер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапында оңтүстікқазақстандық 4 спортшы қатысып, нәтижесінде Ж.Жаппарқұл 69 келі салмақта 2-орынды жеңіп алып Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдаманы жеңіп алған еді. Айта кетейік, ОҚО спортшыларының қоржынында Рио-де-Жанейро олимпиадасына, әзірге, 12 жолдама бар. Осы көрсеткіш бойынша Оңтүстік өңірі республикада көш бастап тұр. Жолдаманың саны жыл соңына дейін мұнан да артуы мүмкін. Өткен жылы облыс спортшыларының қанжығасында 10 жолдама болған еді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.