• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жолдаудағы міндеттердің жүзеге асуы талқыланды

03.12.2015
0

Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов облыс активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауындағы міндеттердің жүзеге асуын талқылады. Жиында аймақ басшысы Жолдаудың басым бағыттарын атап көрсетіп, өңірлік дамудың болжамды нәтижесін баяндады. «Президент әлемдік дағдарысты еңсеру үшін Қазақстанда қолжетімді мүмкіндіктерді байыпты талдауды ұсынды. Елімізде бүгіннің өзінде стратегиялық бағдарламалар жүзеге асуда, олар өз кезегінде шикізат ресурстарына деген тәуелділіктен арылтады»,- деді Б.Атамқұлов.  Өңір басшысы сондай-ақ, облыс экономикасының тұрақты өсіп отырғандығын тілге тиек етті. «Қазірдің өзінде облысымызда бірнеше ірі жобалар іске асып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда экономикадағы жалпы өнім көлемі 1,2 пайызға артып отыр»,- деп мәлімдеді өңір басшысы. Биылғы жылдың 9 айында 523,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылды. Ауылшаруашылығы саласында да елеулі өсім байқалып, агрокәсіпорындар кешенімен 300 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызға сәйкес келеді. Көлік және байланыс салаларындағы табыс көлемі тиісінше 105,1 және 102,5 пайыз болып отыр. «Мемлекет басшысы инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмысты одан әрі жүргізуді тапсырды. Өңірімізде бұл жұмыстарға айрықша көңіл бөлінуде»,- деп жалғастырды Б.Атамқұлов. Осы орайда ұлттық компаниялармен 9,8 млрд. теңгені құрайтын 529 келісімшарттар түзілді. Нәтижесінде өңірдің негізгі инвестициялық капиталының көлемі 323,3 млрд. теңгеге жетіп отыр. Шетелдік капиталдың қатысуымен құны 1,7 АҚШ долларын құрайтын 29 жоба іске асты. Шетелдік инвесторларды тарту мақсатында оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Түркия, Оңтүстік Корея елдерінде іс-сапармен болды. Мұндай сапарлар алдағы уақытта Ресей, Малайзия, Сингапур, Франция, Германия елдерінде жалғасын таппақ. Оңтүстік Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Осы бағытта агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологиялар мен инновацияларды ендіруге айрықша назар аударылып отыр. «Өзіміз өндіретін ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бақша, көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын заманауи қоймалар салуымыз қажет. Осы мақсатта Шымкентте ірі сауда-логистикалық орталығын салу жоспарлануда»,- деді облыс әкімі. Өңір басшысы атап өткендей, сауда-логистикалық орталығының жалпы көлемі 90 га. асады. Кешенде халықаралық стандарттарға сәйкес «А» және «Б» сыныпты ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын заманауи қоймалар салынбақ. Мұндай қоймалар алдағы уақытта Сарыағаш және Мақтарал аудандарында, Түркістан қаласында салынады деп жоспарлануда. Бейбіт Атамқұлов халықты жұмыспен қамту мәселесі де жергілікті биліктің ерекше назарында болатынын жеткізді.123

Previous Post

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы әйел және бизнес» тақырыбында форум өтті

Next Post

Шымкентте бауыр алмастыру оталары сәтті жасалынуда

Related Posts

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.