Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасуда
    Жаңалықтар

    Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасуда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.12.2015Updated:02.12.2015Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымовтың аудандардағы жұмыс сапары жалғасуда. Шаһар басшысы Еңбекші ауданына қарасты Қазығұрт, Қаратөбе, Жұлдыз аумақтарының тұрғындарымен кездесті. Еңбекші ауданы жұртшылығымен жүздесуде аудан әкімі Ғалымжан Ильясов атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
    №99 мектептегі кездесуде шаһар басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, коммуналдық сала бойынша салалық бөлім басшыларына нақты тапсырма берді.
    Еңбекші ауданындағы түйіткілді мәселенің бірі Халыққа қызмет көрсету орталығының жоқтығы. Осыған орай, қала әкімі осы жылдың соңына дейін 93 мың тұрғынның игілігі үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылатынын айты. Сондай-ақ, қала басшысы елді мекендердің әлеуметтік картасы сараланып, нақты өзекті мəселелері бірінші кезекке қойылатынын жеткізді. Шымкент қаласының əкімі Ғ. Әбдірахымов жұмыс жоспарына сəйкес Əл-Фараби және Қаратау  аудандарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қос аудан тұрғындарының дені коммуналдық мәселелерді көтеріп, қордаланған проблемаларды шешіп беруін өтінді. Анығында, аталмыш аудан аумағына қосылған елді мекендерде 19 мыңға жуық xалық тұрады. Бүгінде қалаға қосылған елді мекендердің әлеуметтік картасы түзіліп, 2020 жылдарға арналған тұжырымдама жасалынды. Сондай-ақ Мәртөбе, Бозарық елді мекендеріне қоғамдық көлік тұрақты түрде жүруде. 5 жылдық тұжырымдамаға сəйкес тұрғындарды толғандырған мәселелер шешіліп келеді.  2012 жылы Үкіметте қаламыздың Бас жоспары бекітілген болатын. Сонда Д.Қонаев даңғылын кеңейтіп, ұазарта түсу туралы жоспарланған. Осыдан орай,  шаһар басшысы сол «Қызыл сызыққа» түскен үйлерді тексеріп мүмкіндігінше тұрғындарға тиімді етіп шешуге ықпал ететіндігін жеткізді. Жұмыс кестесіне сəйкес, Қаратау ауданының тұрғындарымен кездескен шаһар басшысы ауданда атқарылған жұмыстар бойынша Қаратау ауданның əкімі Ғалым Исмаиловтың баяндамасын тыңдады. Қаратау ауданының əкімі Ғалым Исмаиловтың айтуынша аудан аумағында орналасқан тұрғын алаптар мен шағын аудандардың электр жарығымен қамтылуына зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде аудан бойынша жалпы 40443 тұрғын үй бар болса, оның ішінде 39866 тұрғын үй электр жарығымен қамтылған (99%), Ал 413 тұрғын үй электр жарығымен қамтылмаған (1%). Атап айтар болсақ, Қаратау ауданының аумағы 32 мың 256 га құраса, аудан көлемінде 213 мыңнан астам халық тұрады. Аудан аумағына 17 шағын аудан мен 13 тұрғын алаптар енген. 12316122_1672772402969120_204959423414042587_n

    — «Тұран» шағын ауданының болашағы кемел. Себебі, Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасында бұл аудан аумағынан «Shymkent City» кешені бой көтермекші. Тіпті, қала жастарының демалуына, серуендеуіне арналған ойын-сауық орталықтары салынбақ, -деді қала басшысы.
    Тұрғындарының күнделікті өміріне коммуналдық мəселені бірінші кезекте шешуге жоба дайындалып жатқандығын жеткізген қала басшысы шаһардың  шын жанашыры ретінде кәсіпкер азаматтардың өз қаражатына халық игілігіне қажетті дүниелер істесе деген ойын білдірді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.