Үш жүз мыңға тарта тұрғыны бар Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Парманов БАҚ өкілдеріне 2015 жылдың 10 айында ауданда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Негізінен ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салалары бойынша табысты жұмыс жасап жатқан ауданның жалпы ішкі өнім көлемі 10 айда 110 млрд. тенгені құраған. Ал оның 53 млрд. жуығы ауыл шаруашылық саласына тиесілі болса, өнеркәсіп саласында да өсім байқалады. Әсіресе жылыжай шаруашылығын ендіруде тіпті Республика бойынша көш бастап тұрған Сарыағаш өңірінде саланы жандандыруға қатысты бірқатар ауқымды бастамалар қолға алынып отырған жайы бар.
Абай ОМАР