• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Арыста атқарылған оңды іс көп

25.11.2015
0

Арыс қаласының әкімі Ертай Сейіт БАҚ өкілдеріне 2015 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Оның айтуынша, шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енген шаһардың барлық саласында дерлік серпіліс бар. Айталық, соңғы нақтыланған бюджет көлемі  9 млрд. тенгеден асса, салық түсімдері 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. тенгеге ұлғайған. Оған қоса Арыста  өнеркәсіп өнімінің көлемі артып, кәсіпкерлік саласы да қанатын кеңге жайып келеді.

3

Шахардың нақтыланған бюджет көлемі 9 млрд. 110 млн. тенгеге таяп, 1 млрд. 800 млн. тенгеге ұлғайған. Ал өнеркәсіп саласында 2015 жылдың 10 айында 6 млрд. 645 млн. тенгенің өнімі өндіріліп, сәйкес мерзіммен салыстырғанда нақты көлем индексі 106 пайызға жетіп отыр екен. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік саласында өнірілген өнім көлемі  580 млн. тенгеге артса, жұмыспен қамтылғандар саны 294 адамға артып 7641-ді құраған. Арыс өңірінің ауыл шаруашылық саласында да серпіліс мол. Айталық, мал басы және одан алынатын өнімдер 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда асыра орындалып, биыл 22,5 мың гектар егістік жер игерілген. Сонымен қатар, биыл 3 гектарға жылыжай салынып,  939 гектар аумаққа тамшылатып суару технологиясын ендірілу нәтижесінде жылдық жоспар толығымен орындалып отыр екен. Ал мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1700-ден астам ірі қара алынып тапсырма 142 пайызға орындалса, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша Арыс өңірі 900 бас мал алу межесін 1962 басқа жеткізген.

4

Ал, Арыс қаласының құрылыс саласында да биыл қыруар тірлік атқарылған. Мәселен дәл қазіргі таңда аймақ бойынша 2016-2017 жылдарға өтпелі 6 бірдей білім мекемесінің құрылысы жүріп жатыр екен. Оның екеуі облыстық бюджет қаржысы есебінен салынып жатса, қалған төрт нысан жергілікті бюджет есебінен бой көтеруде. Осылай деген Сейіт Мырзақұлұлы бұдан өзге биыл 9 мектеп пен бір балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін айтады.

6

Оған қоса, Республикалық бюджет есебінен бөлінген 300 млн. қаржыға биыл заманауи үлгідегі  «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» пайдалануға берілсе, Қалалық мәдениет үйі ғимараты қайта жаңғыртудан өткен.  Осылайша Арыс қаласындағы жалпы құрылыстардың қаржы көлемі 3 млрд. 768 млн. тенгені құрап отыр. Бұған қоса қаланың биыл бірнеше көшесі күрделі жөндеуден өтіпті.  8

 

Мұнан өзге, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», «Өңірлерді дамыту»  бағдарламаларының орындалу барысына тоқталған қала әкімі Арыстағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамту, ауыз су мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстарды да жан-жақты баяндады. Айталық биыл облыстық бюджет есебінен 209 млн. тенге қаржыға  қаланың орталық жылу қазандығы жөндеуден өтіп, мәселе өз шешімін тапқан. Осылайша аймақта атқарылған ауқымды жұмыстарды баяндаған Ертай Мырзақұлұлы БАҚ өкілдерінің сан салалы сауалдарына да жауап берді. «Сөзден іске, істен сапаға» осылай деп ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың есебін берген Ертай Сейіт Арыс қаласы дамудың үлкен даңғыл жолында деп өз есебін қорытты.

Абай ОМАР

Previous Post

Әскери мектеп оқушылары жаппай төбелесті

Next Post

ОҚО әкімінің кеңесшісі — облыс әкімдігінің Астана қаласындағы өкілі тағайындалды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.