Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Заңсыз құрылыс нысандары қатаң бақылауда
    Жаңалықтар

    Заңсыз құрылыс нысандары қатаң бақылауда

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.11.2015585 Views

    20 қараша күні ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұза отырып салынған құрылыс нысандары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде жауапты сала басшылары баспасөз мәслихатын өткізді. Онда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақытжан Әшірбаев облыста заңсыз жүргізілген құрылыстар саны 345 болса, қызыл сызықтың үстінде немесе қызыл сызықтан асып кеткен 255 құрылыс нысаны анықталғанын айтты. Сонымен қатар, облыс бойынша инфрақұрылым жүйелерінде, өзен қорғау аймақтары мен белдеулерінде заң талаптары сақталмай салынған 5602 құрылыс нысандары белгілі болған. Брифингте сөз алған облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев басқарма тарапынан облыс аумағында мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұзып жүргізген 197 құрылыс нысанына қатысты тексеру тағайындау актілері ашылып, 107 нысанға әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді. Оның ішінде 30 құрылыс нысанына жерге тиісті құқығы болмағандықтан оларды бұзу үшін сотқа құжаттар жолданған. Сонымен қатар, заң талаптарын бұза отырып салынған — 79 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып 17,7 млн. теңге айыппұл салынған. Ал Шымкент қаласы бойынша заң талаптарын бұза отырып салынған 43 нысан қожайынына 12,1 млн. теңге айыппұл салынған. «Осы жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөліміне мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жалпы саны 717 хат пен арыз-шағымдар келіп түскен. Аталған арыз-шағымдарды қарау барысында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды, жеке және заңды тұлғаларға 74 факті бойынша әкімшілік іс қаралып, жалпы сомасы 6 млн. 500 мыңға жуық айыппұл салынды. Оның бүгінде 2 млн, 700 мыңға жуық теңгесі өндірілді»,- деді облыстық жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Серік Тұрбеков. Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров шаһарда мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің және Жер Кодексінің талаптарын сақтамай салынған құрылыс нысандарына жүргізілген рейдттік шаралар нәтижесінде 282 нысан анықталғанын хабарлады. Сонымен қатар, облыста заңсыз құрылыс нысандарының қожайындарын анықтап, құжаттарының құқықтық сәйкестігін тексеретін арнайы топ жұмыс істеуде. Айта кетсек, өңірде заң талаптарына және құрылыс нормалары мен ережелеріне сай 1022 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бюджеттік нысандардың саны 644 болса, коммерциялық ғимараттар 458-ді құрайды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.