Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстіктің атын шығарған балуандар марапатталды
    Жаңалықтар

    Оңтүстіктің атын шығарған балуандар марапатталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.11.2015688 Views

    Сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрағасы Берік Оспанов 2015 жылдың 3-8 қараша аралығында Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Кубогы жолындағы сайысқа қатысып, жеңіспен оралған Оңтүстік Қазақстан облысының грек-рим күресінен құрама командасын қабылдады. Жалпы биылғы ел кубогы жолындағы бәсеке оңтүстікқазақстандық спортшылар үшін жемісті болды. Жарысқа еліміздің он бір облысынан 11 команда қатысқан. Алғашқы айналымда оңтүстікқазақстандық балуандар Жамбыл облысының құрама командасымен кездесіп, 6-2 есебімен жеңіске жетсе, келесі айналымда Алматы облысының мықтыларымен күресіп, 5-3 есебімен жеңіс жолын жалғады. 12239167_525333607642549_4901836063032778013_o
    Қарағандылық балуандармен өткен үшінші айналымда оңтүстіктің спортшылары өздерінің әбден ысылғанын әрі бабында екендігін дәлелдеді. Қостанайлық спортшылармен болған белдесуде 5-3 есебімен жеңіске жетті. Финалда Ақтөбе облысының балуандарын 5-3 есебімен тізе бүктіріп, Оңтүстік Қазақстан облысының командасы алғаш рет Қазақстан Республикасының Кубогын жеңіп алды. Облыстың грек-рим күресінен құрама командасындағы Асхат Жамбиров пен Әлімхан Сыздықов белдесулерді тек жеңіспен аяқтаса, Нұрсұлтан Қалмұрзаев, Жолдыбай Тоқбаев, Әділхан Сатоев, Рамазан Мұстафаев, Шәміл Батыров, Рашид Кочиев, Агит Сулейманов, Сәкен Сейітқалиев жеңіс жолында өздерінің бар күш-жігерін салып, күресті. Жалпы оңтүстікқазақстандық спортшылар сайыста нәтижелі өнер көрсетті. 12238518_525333624309214_2328263467285761355_oБұл жеңіс ащы тер мен ерен еңбектің өтеуі. Осы тұрғыда облыстың ересектер арасындағы құрама командасының аға бапкері Абдрахман Архарбеков және жаттықтырушылар Бисолт Дециев, Нұрлан Жылқыайдаров, Хаким Мусаев, Александр Ершов, Саддат Гелашвилидің қосқан үлестері қомақты.
    Спортшыларды, қабылдаған Берік Оспанов балуандар мен олардың жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтап: «-Біз марапат үшін емес оңтүстіктің атағын шығару жолында жұмыс жасауымыз қажет. Өңірде федерация құрылғалы жақсы нәтиже көрсетіп келеміз. Осы қарқыннан таймай Олимпиадаға жолдама алып, ел намысын лайықты қорғауларыңызға тілектеспін» – деді. 12240307_525333540975889_712245478338632395_o (1)Жиын барысында құрама команда мүшелері Кубокты облыстық федерация төрағасына табыстаса, Берік Оспанов спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына федерация атынан қаржылай сый-сияпат жасап, марапаттады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.