26 қазан күні облыс әкімдігінің ғимаратында өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың Словак Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петер Юза мырзамен кездесуі өтті. Кездесуде қос тарап ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу және мал шаруашылығы салаларындағы әріптестікті нығайту мәселелеріне баса назар аударды. Пікір алмасу барысында Оңтүстік Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында екі елдің бизнес-делегацияларын кездестіру, жергілікті кәсіпкерлерді Словакияның ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндеуге арналған өндіріс жабдықтарын шығаратын кәсіпорындарымен байланыс орнату мәселесі де сөз болды.
ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕН ЗАМАНАУИ СӘН ТОҒЫСТЫ
Шымкентте сән, ұлттық нақыш пен кәсіпкерлікті бір арнаға тоғыстырған TERRA көрмесі басталды. Үш күнге жалғасатын ауқымды шара отандық брендтер мен...











