Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекеттік мекемелердің ауласы жасыл желекке оранбақ
    Жаңалықтар

    Мемлекеттік мекемелердің ауласы жасыл желекке оранбақ

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.10.2015329 Views

    Оңтүстік Қазақстан облысындағы білім ошақтары мен денсаулық сақтау мекемелерінің аумағын көгалдандырып, оларды күтіп баптау жағдайы облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың назарында. Бұл бойынша аймақ басшысы тиісті мекеме басшыларына тапсырма беріп, қатаң қадағалауды тапсырды. Облыстық білім жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық денсаулық сақтау басқармалары өздеріне қарасты барлық мекемелер маңайларын абаттандыру бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Білім, медицина ошақтары «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында мекеме маңындағы аллеялар мен бау-бақшаларды көбейту мақсатында жыл соңына дейін 200 мыңнан аса ағаш көшеттерін егуді жоспарлауда. Облыс көлемінде табиғатты аялау, барлық мекемелердің ауласын гүлдендіру, туған өлкеміздің санитарлық-экологиялық жағдайын жақсарту, қоршаған ортамызды қорғау және оған деген қамқорлықты жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру жөнінде тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, облысымыздың аудан қалаларындағы білім мекемелерінде 325 мыңнан астам түрлі ағаштар отырғызылып, оларды күтіп -баптау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, арнайы дайындалған алаңқайлар мен гүлзарларда гүлдердің сан-алуан түрлерін отырғызып, мекемелердің алдындағы бос жатқан жерлерді гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыстағы әрбір ауданның өзіне тән экологиялық жағдайына байланысты ағаш көшеттері де жерсінуіне қарай отырғызылуда. Мысалы Созақ, Отырар, Арыс, Түркістан, Шардара елді мекендері қара ағаш түрін ексе, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандары мен Шымкент қалалары жеміс ағаштары мен қылқан жапырақты шыршаларды, шынар, қарағай, қайың т.б. ағаштардың түрлерін отырғызуда. Ағаш, гүл көшеттерін өздерінде өндіру жұмыстары да жолға қойылған. Атап айтсақ Шымкент қаласындағы №89 мектеп лицейінде ағаш, гүл, көкөністерді ұрығынан өндіріп өсіру жұмысы жолға қойылған. Осының нәтижесінде облыстағы білім беру ұйымдары мен көгалдандыру қызметі мекемелерінің қатысуымен бірнеше рет семинар тренинг ұйымдастырылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОТБАСЫ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.