Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қала күніне орай «Жайдарман» жастары өнер көрсетті
    Жаңалықтар

    Қала күніне орай «Жайдарман» жастары өнер көрсетті

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.10.2015670 Views

    Шырайлы Шымқаланың мерекесіне Республика жастары да үн қосты. Қала күніне орай өткізілген КВН ойындарына еліміздің әр облыстарынан келген жайдарманшылар әзіл сайысында өнер көрсетті. Оңтүстік жұртшылығын күлкіге көмген көңілді тапқырлар клубының жастары қала әкімінің кубогы үшін бәсекеге түскен болатын. Әзіл кешін тамашалауға келген шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов жүлделі командаларға тиісті марапатты ойын соңында өз қолымен табыс етті. Әзіл сайысында бақ сынаған 9 команданың 3-і өзіміздің өңірден. Ал қалған 6 команда Ақтөбе, Орал, Семей, Алматы секілді алыс аймақтардан келген жайдарманның жалынды жастары.  Алғашқы кезеңдегідей КВН ойындарында тек Оңтүстік жастары ғана емес, бүгінде Республиканың өзге облыстары да белсенді. Сондықтан болар, еліміздің басқа да аймақтарынан келген командалар өткір әзілдерімен көрерменнің көңілінен шыға білді. Шымкент қаласы әкімінің кубогы үшін сайысқа түскен құрамалар шырайлы шаһардың қонақжай мінезіне ризашылығын айтып, сәулетті қаланың сәні арта беруіне тілектестігін білдірді.

    07

    04

    Жастар орталығының көрермен залы лық толған ойынның өзгеше көрінісі табуының да өз себебі бар. Жайдарманшылардың ойынын тамашалауға қаланың басшы азаматтары мен халық қалаулылары да арнайы келген. КВН тек жеңіл әзіл мен ойнақы қалжыңнын ортасы ғана емес. Ол жастар сөзімен қоғамның өзекті мәселелерін қозғайтын да сайыс. Сол себепті, жайдарманшылар әзіл арасында астарлап бүгінгінің түйіткілді мәселелерін ел ағаларына жеткізе білді.

    02

    10

     

    Расында қызықты өткен ойынды ел ағалары да соңына дейін тамашалады. Алыстан ат терлетіп келген жастарға алғысын айтқан қала әкімі Ғабидолла Рахматуллаұлы көрерменнің көзайымына айналған жайдарманшылардың жұмысына сәттілік тіледі.

    01

     

    05Ойынға төрелік еткен КВНның бұрынғы майталмандары. Бірінен бірі әзілі асып түскен, қалжыңымен күлкіге қарық қылған командалардың үздігін таңдау да оңай емес. Қорыта келгенде жүлдегерлер де анықталды. Бірінші болып, бүгінгі ойынның ең үздік әзілқойы ретінде танылған «Номад» командасының мүшесі Әбдінұр Сұлтанғалиев марапатталды. Ал жүлдегерлер ретінде 3-орын Оралдық «Грант» командасына, 2-орын Ақтөбелік «Фемидаға», 1-орын Шымкенттің «Байдың балалары» тобына бұйырды. Ойынның бас жүлдесін иеленген Семей облысының жастары, Аягөз ауданынан келген «Аягөз» құрамасы.

    Әбдімүтәлі ЖҰМАШ

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.