Шахарымызда бой көтерген «Rahima-PLAZA» сауда орталығы тұрғындарға тағы бір қолайлы жағдай жасап отыр. Яғни, кәсіпкерлік саласының дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген ойын-сауық орталығының ішінен балалар ойын алаңшасы іске қосылды. Айта кету керек, салтанатты түрде ашылған балалар алаңы қала күні қарсаңында бал тілді балғындарға тегін қызмет көрсетпек. Ағымдағы жылдың тамыз айында қала тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашқан «Rahima-PLAZA» сауда орталығының 4 – ші қабаты толықтай бүлдіршіндердің уақытын қызықты әрі ұтымды өткізуге арналған. Яғни, түрлі ойын алаңшалары мен атракциондар аптаның жеті күнінде қызмет көрсетуге әзір. «Нұрсәт» мөлтекауданында орналасқан сауда орталығындағы балалар алаңшасы қазанның 15-не дейін балаларға тегін қызмет көрсетеді. Ендеше, мол мүмкіндікті жіберіп алмай, сауда орталығына келіңіздер!
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ АРТЫП, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар...










