Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып Нұралхан Көшеров тағайындалды. 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген Нұралхан Оралбайұлы 2005 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың экономика мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болып бастап, 2009 — 2011 жылдар аралығында ҚР Қаржы Министрлігінің Салық комитеті Салықтық заңнамаларды түсіндіру және жетілдіру басқармасының сарапшысы, Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы Заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. Бұл тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып еңбек еткен.
ҚАТЕРЛІ ДЕРТТІ ЕМДЕУДЕГІ МЕДИЦИНАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Шымкентке Моңғолиядан дәрігер-онкологтар келді. Тәжірибелі хирургтардың қатысуымен ауыр дертке шалдыққан науқастарға ота жасалып жатыр. Осылайша жергілікті мамандар бауырдағы қатерлі ісікті...