• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Т. Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың бейіті қайта жаңартылды

15.09.2015
0

Тарихи кезеңдерге толы 2015 жылда ескерусіз қалған тұлғаларды паш ету мақсатында Түлкібас ауданының бір топ азаматтары Жамбыл облысына барып қайтты. Мақсат – Қазақ халқының көрнекті тұлғасы, қайраткер Т. Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың бейітін қайта жаңарту.

Қазақ халқының ұлы перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың Алашқа сіңірген еңбегі расында да ұшан-теңіз. 15 мемлекетті басқарған көсем – Сталиннің орынбасары қызметінде жүргенде де байтақ даладағы елінің жоғын жоқтап, мұңын арқалаған. Шындығында жақсының аты, ғалымның хаты өлмек емес. Қазақ елінің өсіп өркендеуі жолында ұлы істер атқарған Тұрар Рысқұловтың есімі халықтың жадынан мәңгі сақталады. Ұланын ұлықтаған қазақ елінің бір топ азаматтары 2011 жылы Мәскеудегі Тұрар Рысқұлов өмір сүрген үйге ескерткіш тақтайша орнатты. Ел ағаларының қатысуымен өткен шараға «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы да қатысып репортаж дайындаған болатын. Араға екі ай уақыт салып қайраткердің жерленген жері табылғаны туралы қуанышты хабар жетті. «Айғақ» Телерадиокомпаниясының басшысы Дулат Әбіш бастаған делегация Кеңес заманындағы үш арыс – Т. Рысқұлов, С. Қожанов және Н. Төреқұловтар қаза болған Коммунарка зиратына барып, құран бағыштады. Атамекеннен алыста бақилық болған арда азаматтарға туған жердің топырағын бұйыртты. Қазақтан шыққан ұлы тұлғалар жайында құнды материал әзірленді. Алаштың арыстары жайында үнемі тұшымды хабарлар дайындап, көрерменнің көзайымына айналған «Айғақ» телеарнасының ұжымы Мәскеуге жасаған әрбір сапар барысында қайраткерлеріміздің жатқан жеріне арнайы ат басын бұрып, рухына құран бағыштауды ұмытқан емес.

«Әке көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» дегендей Тұрардың ұлы тұлға болып қалыптасуында әкесі Рысқұлдың тәрбиесі молынан әсер етті десек артық айтқандық емес. Дегенмен Тұрардай біртуар азаматтың әкесі жайлы мағлұматты бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Атамекен қонысы Түлкібастай шұрайлы өлке болған Рысқұлдың бейіті Жамбыл облысына қарасты, Талас ауданындағы Ойық ауылында. Алаштың атпал азаматтарын назардан тыс қалдырмайтын «Айғақ» ұжымы кезекті бір сапар барысында батыр бабаның зиратына табан тіреді. Рысқұлдың бейіті қызыл тілдің жүйрігі Бөлтірік шешен кесенесі маңында орналасқан. Ұлы тұлға Тұрардай алаш ардақтысын өмірге әкелген әке бейітінің басында құран оқылып, тағзым жасалды. Тарихи белестердің кезеңі болған 2015 жылда ескерусіз қалып келе жатқан тұлғаларды паш ету мақсатында аталмыш аймаққа Түлкібас ауданының бір топ азаматтары сапар шекті. Делегация сондай-ақ, көнерген зиратты қайта жаңғыртуды қолға алып, өткен тарихтың елге белгілі дара тумаларын кейінгі ұрпаққа таныстыруды көздейді.

Рысқұл өмірінің соңғы сәттерін Жамбыл облысындағы Талас ауданына қарасты, Ойық ауылында өткізеді. Осы аймақты мекендеген батырдың нағашылары айдаудан қашқан Рысқұлдың соңғы паналаған жері болса керек. Ақтық сапарға аттанған оның бейіті бүгінде Сейілбек аталған елдімекеннің солтүстік-шығысында орналасқан. Көптен бері назардан тыс қалып келе жатқан азаматтың белгісін, атамекендегі ағайыны қайта жаңартуды қолға алып, мәрмар тастан қашалған ескерткіш тақта орнатты. Соңғы дәм-тұзы Талас жерінен бұйырған азаматтың бейітіне Түлкібастық делегаттар туған жердің топырағын да жеткізді.

 

Рысқұл Жылқайдарұлының туылған жылы 1860 жылы екені нақты белгілі болғанымен, ағайындары қайтыс болған мезгілі осы кезге дейін қате айтылып келген деген пікірде. Яғни, ол бұрынғы шығармаларда айтылып келгендей 1916 жылы емес 1908 жылы бақилық болған дейді. Бар ғұмыры айналасындағы азулы байлармен арпалысумен өткен Рысқұл туған жері Түлкібастан көшіп, Жетісу өлкесіндегі Талғар болысына тұрақтанады.  Мұнда да жанын жай тапқызбаған қанаушылардың бірі Талғардың болысы Саймасай Үшкемпіров атып өлтірген ол 1905 жылы Сібірге 10 жылға жер аударылған.  Бөлтірік шешендей маржан сөз шеберінің кесенесі орналасқан, Дінмұхамед Қонаевтай асыл азамат дүниеге келген мекен Рысқұл Жылқайдарұлының нағашылары қоныстанған құтты аймақ. Бүгінде оның көзі тірі ұрпақтары батырдың жақындығын мақтан тұтады. «Жұлдыз көпір» кітабында айтылғандай Тұрарға әкесінің қабірін келіп көрсеткен нағашысы Дәуіт атты қария. Алғашында белгі орнатылмаған төмпешікке күмәнмен қараған жиеншарына Дәуіт ақасақал зиратқа көмілген Рысқұлдың қанжарын алып көрсетіп, әкесінің расында да осында жатқанын дәлелдеген екен. Сол кездегі қария Дәуіттің шөбересі Ұзақбай Шаханов осы ауылдың түпкілікті тұрғыны.

 

Рысқұлдың нағашысы елінде ас беріп, дастарқан жайған Түлкібастық ағайын марқұмның рухына бағыштап құран оқып, бата қайырды. Ендігі аманат Талас еліндегі азаматтарға жүктелмек. Бүгінде Тұрардай асылын ардақтаған ел арыстай азаматты барынша құрмет тұтып қадірлейді. Бір Түлкібас ауданының өзінде 3 бірдей еңселі ескерткіші орналасқан Тұрар Рысқұловтың бейнесі сомдалған мүсін даңғыл жолдың бойында да менмұндалап тұр. Жуырда салтанатты ашылуы болған ескерткішке ат басын тіреген жолаушылар әкеден соң ұлына тағзым жасап, бақилық болған ардақты жандардың аманатын түгескендей болды.

Абдумутали ЖҰМАШ

http://aigak.kz/wp-content/uploads/2015/09/Sequence-011.mp4

Бөлісу8TweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.