Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бейбіт Атамқұлов – «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының төрағасы
    Жаңалықтар

    Бейбіт Атамқұлов – «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының төрағасы

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.09.2015295 Views
    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2015/09/Sequence-01.mp4

    Оңтүстік Қазақстан облыстық «Нұр Отан»  партиясының  жаңа төрағасы өз қызметіне кірісті. Өңір басшысы Бейбіт Атамқұловты жетекші партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Елордадан арнайы келіп, кезектен тыс 24-ші конференция отырысында партия мүшелеріне таныстырды. Жиын барысында көшбасшы  партияның алдағы атқарылар ауқымды  істері  және  жүйелі жоспарлары сараланды. Сонымен қатар, Асқар Мырзахметов Оңтүстіктегі  партия мүшелерінің  түрлі ұсыныстарын тыңдап, ереже мен талаптарға өзгертулер енгізілуі мүмкін екенін айтты. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 24-ші конференциясына бастауыш  партия мүшелері, аудан қала әкімдері мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары арысы  ат арылтып аудандардан, берісі қала ішінен келіп жатты.Әрине «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы мұндай сәттерді назардан тыс қалдырмады. Қымбат автокөліктерді тізгіндеген халық қалаулылары, қызметтік көлік мінген басқарма басшылары, аудан-қала әкімдері сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері бірінен соң бірі сағат 9-00ден бастап «Нұр Отанның» бас ғимаратына жиналды. Өздеріңізге белгілі, партия отырысы сирек өткізілетіндіктен алыс-жақын аймақтан келген нұротандықтар хал сұрасып, ырзалықпен амандасып жатты. Негізгі мақсат пен міндет біреу. Облыстағы көшбасшы партияның төрағасын сайлау болатын.

    Сонан соң барлығы дерлік, тіркеуге тұрып, зал ішіне жайғасты.  Партия мүшелері жаңа өзгерісті,жаңа серпілісті күтіп тұрғандай. Яғни облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасы  мен саяси кеңес және бюро мүшелері арасындағы ауыс-түйістің орындалатындығы белгілі. Сондықтан Асқар Мырзахметов алғашқы сәтте өңірлік партияның төрағасын таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік ететін  «Нұр Отан» партиясы Қазақстанда ғана емес, әлемде өзіндік орны бар, бағыт бағдары айқын, даму жолы дараланған ұйым. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын бақылап, қадағалауда ұстайтын болашағы жарқын партияның Оңтүстіктегі филиалының төрағасы енді Бейбіт Атамқұлов. Талап тілегін жеткізетін  халықтың  сенімді тірегі, егемен елдің  болашаққа бастар жолының басты бағыты болып отырған партияның Оңтүстіктегі филиалына артылған жүк те, салмақ та ауыр екені белгілі. Халық артқан сенімді арқалаған басшы  жетекші ұйымның жұмысы жүйелі болып, толағай табысқа кенеліп, еңбек ететінін сөзге тиек етті. Бір ауыздан қолдау танытқанын әріптестеріне  алғыс блідірді. Еліміздегі жетекші ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалғалы бір айдың жүзі болған тұста, Асқар Исабекұлы  өңірге келіп, «Нұр Отан» партиясының 7 айда атқарылған жұмыстарын тыңдады.   Сонымен қатар, жиынға қатысушылардың ұсыныстарын да назардан тыс қалдырмады. Нұрсұлтан  Назарбаев өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы бұл шешімдерді іске асыруға қабілетті,  күшті саяси ерік жігердің қуатты көзі, елді дамытудың іріктендіруші» секторы  деп атап өткен болатын. Сондықтан болар, көшбасшы партияның беделі артып,  елмен етене, әлеуметпен  әріптес болып келеді. Ендігі жерде партияның жүйеленген жұмысын ары қарай жандандыру Елбасы сенім артқан Асқар Мырзахметовте. Оңтүстікті даму көкжиегіне жеткізіп, жемісті жұмыс атқарған партия төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалып, іске де кірісіп кетті.

    «Нұр Отанның» алдында тұрған ендігі басты міндет – Елбасының бағдарламалары, әсіресе, 5 институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болмақ.

    Еңлік ЗАМАНХАН

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.