Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»«Билерге тағзым» атты велошеру өтті
    Денсаулық

    «Билерге тағзым» атты велошеру өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.08.2015468 Views

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыруымен өткен велошеру осылай деп аталады.  Бүгінгі ұрпақтың от ауызды, орақ тілді би-шешендерге деген құрметінен туындаған шара салауатты өмір салтын насихаттауды да көздеп отыр. Бұл күні 40-тан астам сот қызметкерлері Шымкент қаласынан Ордабасы тауындағы «Бірлік монументіне» дейінгі 40 шақырымдық қашықтықты велосипедпен бағындырды. Ата заңымыздың әділдігін орнатып, ақ пен қараның аражігін ажыратып, үкім шығаратын сот қызметкерлері бұл жолы екі аяқты көлік құралын тізгіндеп көпшілікке үлгі болуды мұрат еткен. Велошеруге қатысуға жиналғандарға алдымен облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов пен облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтахановтар сәттілік тілеп, ата заңымыздың мерейлі мерекесімен құтықтады.

    04

     

    Сағатына 30-40 шақырым жылдамдықпен жүрген  велошабандозшылар  жол бойында мәреге дейін бірнеше рет аялдап, аз ғана уақыт бой жазып отырды. Бас –аяғы бір жарым сағат көлемінде шеруге қатысқан азаматтар Ордабасы тауына да келіп жетті. Шараны ұйымдастырушылар «Бірлік » монументіне гүл шоқтарын қойды.

    08

    Өз кезегінде патриоттық шараға  жиналған жастар мен түрлі сала қызметкерлеріне ел Конституциясының халық өміріндегі алар орны мен қадір-қасиеті туралы баяндамалар оқылды.

    Ерлан ОТАРБАЕВ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.