Қазақстандағы коронавирустың 26 наурыз 16:20 уақытындағы жағдай бойынша 12 адамның вирусты жұқтырғандығы анықталды. 6-уы Нұр-Сұлтан, 6-уы Алматы тұрғындары. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында жарияланды, — деп жазады «Айғақ-ақпарат» тілшісі.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 109 науқас тіркелді.