Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке өтініші бойынша көпбалалы ананы қабылдады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жеті баланың анасы Дина Айтимбетова аймақ басшысымен кездесуде арнайы Арыс қаласынан келген. Батыр ана аз ғана уақыт ішінде қаланың қайта құрылып, ажарлануына атсалысқаны үшін аймақ басшысына үлкен алғысын жеткізді.
Сондай-ақ, кездесу барысында өз үйінің жанында орналасқан бос жерге жатақхана салып, жеке кәсіп ашпақ жоспарымен де бөлісті.
Облыс басшысы қабылдауға келген көпбалалы ананың бастамасын қолдады. Өмірзақ Естайұлы өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер жайлы атап өтті. Кездесу соңында аймақ басшысы жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді,.деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Сүйлейменова өзінің фейсбук парақшасында.