Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістандағы жиыннан түйген ой: «Солай болса, кәнеки»
    Айғақ MEDIA

    Түркістандағы жиыннан түйген ой: «Солай болса, кәнеки»

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.01.2020471 Views
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    «Күлтөбенің басында күнде жиын». Бұл өткен шақтың еншісінде қалатын сөз емес. Бүгін де солай. Кешегі Күлтөбе, бүгінгі Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері жиыннан кенде емеспіз. Әрине, алқалы жиын болмаса көпті толғандыратын келелі мәселелер ат үстінде шешіле салмасы анық.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Сонымен не керек, Түркістанда тағы бір алқалы жиын болып өтті. Нақтылап айтқанда, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Тақырыбы: «Сотқа дейінгі іс жүргізу: шындығы және жетілдіру жолдары». Конференция бастамашысы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті. Ұйымдастырушылары: Түркістан облысының әкімдігі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті.

    Конференцияда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Е.Шабдар, Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, Ресейдің мемлекеттік Әділет университетінің Қылмыстық іс жүргізу құқығы кафедрасының доцеті А.Кравцова, Ташкент мемлекеттік университетінің доценті С.Муратаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық кеңестің мүшесі, белгілі қорғаушы А.Омарова, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Б.Әбдірәсілов  және тағы басқа бірқатар тұлғалар мен заң өкілдері келелі ойларын ортаға салды.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    500-ден астам заң өкілдері бас қосқан халықаралық жиында Түркия, Ресей, Өзбекстаннан келген мамандар мен еліміздегі Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, ІІМ-нің өкілдері өзара диалогтық алаң құрып, оң тәжірибелерімен бөлісті.

    Жиын соңында «1424» көркем фильмі мен тақырыпқа сай сатиралық қойылым, жас суретшілер көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

    «Халықаралық конференция адалдық атмосферасын қалыптастыруға жол ашпақ» дейді жиынды ұйымдастырушылар. Солай болса ,кәнеки.

    Сейсенбай Ахмет, «Айғақ-Ақпарат».

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.