Биыл Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл! Осы уақыт ішінде бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, бүгінгі Түркістан облыстық мәслихаты өңірдің қоғамдық — саяси, әлеуметтік — экономикалық салаларындағы істердің жүзеге асуына үлестерін қосып келеді. Қоғамдағы өткір мәселелер, халықтың мұң — мұқтажы елдің дамуы үшін еңбек ететін мәслихат назарынан тыс қалған емес.