Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандырудың Жол картасын қабылдады
    Айғақ MEDIA

    Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандырудың Жол картасын қабылдады

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.11.2019249 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының (ӨР) ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаевтың жетекшілігімен келген делегацияны қабылдады. 

    «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың күш-жігерінің арқасында біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық сапалық тұрғыда жаңа деңгейге шықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту бағытын жалғастыруда», — деді А. Мамин.

    Премьер-Министр агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өзара жеткізуді арттыру, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және үшінші елдердің нарығына шығу үшін едәуір әлеуеттің бар екенін атап өтті.

    Биыл 9 айда ҚР және ӨР арасындағы ауыл шаруашылығы шикізаты өңделген өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы $770 млн-ға жуықтады. Қазақстанның Өзбекстанға экспортының негізгі көлемі бидай мен меслинге, бидай немесе бидай-қара бидай ұнына, кұнбағыс дәніне, қантқа, ірі қара малға, бидай қалдығына тиесілі. Өзбекстан Қазақстанға негізінен шие мен қызыл шие, балғын жүзім, өрік, қызанақ, шабдалы, құрма, көкөніс экспорттайды.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша Үкімет басшысының қатысуымен екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері ҚР мен ӨР арасында ауыл шаруашылығы саласында орташа мерзімді преспективаға ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі Жол картасына қол қойды.

    Құжат ауыл шаруашылығы ғылымы, өндіріс, сертификаттау, сауда, цифрландыру, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдіктер карантині салаларында 2019-2024 жылдары өзара іс-қимылды дамыту шараларын қамтиды.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.