«Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы арыстық 50 балаға мектеп құралдарын табыс етті.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында жүзеге асқан шара Арыс қаласындағы Е.Молдабаев атындағы ЖОМ-де өтті.
Мұнда апаттан зардап шеккен жəне көпбалалы отбасы балаларына мектеп сөмкелері мен оқу құралдары үлестірілді.
Бұл тұрғыда «Нұр Отан» Партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Болат Тұрсынбаев көшбасшы партияның бастамасына қолдау ретіндегі қайырымдылық акциялары аймақтық филиалдарда жалғасын тауып келе жатқандығын жеткізді.