• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қараша 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Еуропаның бір топ жиһангезі Қазақстанның киелі орындарын аралап шықты

12.08.2019
0

   Еуропа елдеріндегі Қазақстанның достары атанған бір топ жиһангез «Ұлы дала елінде» атты экспедиция құрамымен Қазақстанның киелі жерлерін аралап шықты. Жиһангездер 4 мың шақырым жерді басып өткен, деп хабарлайды Қазақ географиялық қоғамының баспасөз қызметі.

Сапарды Қазақстан мен Австрия елшіліктері, Қазақ географиялық қоғамы ұйымдастырған. Қазақстанның еуропалық достары Қазақстанның қасиетті жерлерін – Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыстау, Алакөл, Алтын Емел мен Балқаш өңірлерін көріп шықты. Экспедицияға Қазақстанның белгілі жиһангезі, Қазақ географиялық қоғамының мүшесі, Қазақстанның 100 жаңа есіміне енген Мағжан Сағымбаев жетекшілік еткен.

«Біз 14 күннің ішінде 4 мың шақырым жолды, бірнеше облысты басып өттік. Атап айтқанда, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында болдық. Ұлытауда жүргенімізде экспедициямызға ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы елшісі Джордж Сабо мен Швейцария елшісі О. Смит қосылды. Жошы хан мен Алаша ханның, Домбауылдың кесенесін аралап, Қарқаралы ұлттық паркінде де болдық. Шайтанкөл достарымызға қатты ұнады. Осыдан кейін Абай ауданында Жидебайдағы Абай музейін тамашаладық. Жидебайда ЕЫҚҰ Парламент Ассамблеясының бұрынғы президенті Кристин Муттонен Абайдың «Жаз» өлеңін неміс тілінде оқып, ұлы ақынның 175 жылдығына орай басталған челленджге үн қосты», — деді Мағжан Сағымбаев.

Оның айтуынша, автриялық қонақтар Герольд Бельгер аударған Абайдың «Жаз» өлеңінің көшірмесін Абай музейіне тапсырып, қазақтың ұлы ақынының рухына құрмет көрсеткен.

«Абай ауданынан кейін Алакөлге, одан ары Алтын Емелдегі тауларға шықтық. Бесшатыр қорғанында болып, Ошақтасқа да жолымыз түсті. Ары Алматыны айналып, Нұр-Сұлтанға келдік. Осы 14 күннің ішінде Елбасы жазған «Ұлы даланың жеті қырын», ұлы даланың қасиетін сезіндік. Меймандарды ұлттық дәстүрімізбен, туристік әлеуетпен таныстырдық. Менің ойымша, экспедиция сәтті өтті», — деді Мағжан Сағымбаев.

Делегация құрамында шетелдік туристермен бірге Қазақстанның Австриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Сарыбай, Парламент депутаты Сапар Ахметов, Қазақстанның Баден-Вюртемберг жеріндегі Құрметті консулы Доротея Халлер-Ляйбле мен жары Юрген Ляйбле, Автрия-Қазақстан қоғамының президенті, ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының бұрынғы президенті Кристин Муттонен және оның жары Пекка Муттонен болды.

Еске сала кетсек, аталмыш экспедицияға жетекшілік еткен Мағжан Сағымбаев осыдан төрт жыл бұрын жер шарын велосипедпен аралап шыққан болатын.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ӨНДІРІС- ЭКОНОМИКАНЫ ӨРКЕНДЕТЕДІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.