Бүгін Шымкент қаласы «RIXOS» қонақ үйінің ғимаратында «Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында алғаш рет бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтуде.
Аймақтық форумға партияның орталық аппараты жауапты қызметкерлері, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласынан ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық филиал төрағаларының орынбасарлары, барлығы болып 200 жуық партиялықтар қатысуда.
Форумның бірінші күні 4 секциялық жұмыс жүргізіледі. Онда бастауыш партия ұйымы төрағалары үшін Партия Орталық аппараты құрылымдық бөлімдерінің басшылары, саяси менеджмент академиясының оқытушылары, танымал тренерлер және саясаттанушылар «Сөз сөйлеу шеберлігі», «Саяси коммуникация», «Цифрлық партия жобасы», т.б. тақырыптарда тренингтер өткізіледі.
Сонымен қатар, партия қызметін жаңғырту жұмыстары аясында қолға алынған цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыру тәсілдері және бағдарламалық құжаттарды дайындауға белсене қатысу, партия кадрлық резервін жандандыру, еліміздегі жастар саясатын одан әрі жетілдіру, партияның талдау және сараптау әлеуетін арттыру сияқты бірқатар нақты бағыттар бойынша бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру бойынша пікір алмасу ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, форумның екінші күні — 23 тамыз сағат 11-ден бастап пленарлық мәжіліс өтеді. Мәжіліске Партия Хатшысы Т.Қ.Дүйсенова, қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ғ.Р.Әбдірахимов,Партия Саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары С.Бақтымбет қатысады.
«Айғақ-ақпарат»