zam-sko-i-yuko

«Айғақ» телеарнасының түсірілім тобын Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қабылдады

 «Ұлы дала көші» жобасын іске асыру үшін Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында іс-сапарда жүрген «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобын бүгін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қабылдады.

Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударған азаматтардың тұрмыс-тіршілігін насихаттау, Түркістан облысы тұрғындарын Солтүстік өңірлерге көшуге ықпал жасауға және аталған облыстарда киелі жерлерге, тарихи тұлғаларға қатысты түсірілім барысымен танысып, жобаның мақсатын бірге талқылады.

zam-sko

Айта кетейік, түркістандық делегация құрамында «Айғақ» телеарнасының бас директоры, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дулат Әбіш, жазушы, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» Серік Жанәбіл, «Айғақ» телеарнасының редакторы Бағлан Байкөбекқызы бар. Солтүстік Қазақстан облысында биыл бюджеттен қаражат бөлініп, 90 баспана салынып жатыр. Алдағы уақытта қоныс аударып келушілердің жағдайы бұдан әрі жақсармақ. Түркістан облысынан келген делегаттарды Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Қожаxмет осындай  жағымды жаңалықтарын айтып қуантты. Түркістандық делегаттарға  Мағжан Жұмабаев туралы жарық көрген жаңа энциклопедияны Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тарту етті.

«Асу, асу бел екен Сарыарқаға көшкен ел екен» — деп қазақ xалқы текке айтпаған. Осы бір сөздің астарында Елбасының ішкі көші-қон саясаты жатыр. Солтүстікте жүрген делегацияның қатарына Түркістан облысы мәслиxатының депутаты Жаңабай Ағабеков келіп қосылды. «Ұлы дала көші» жобасын іске асырып жатқан түсірілім тобы енді көненің көзі болған Айыртау ауданына қарай бет алды. Онда да күнгейден көшіп барып, еңбектеніп жатқан жерлестеріміздің тұрмыс-тіршілігімен таныспақ.

Бағлан Байкөбекқызы




One thought on “«Айғақ» телеарнасының түсірілім тобын Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қабылдады

  1. Ботагоз

    Жарайсыздар. Дулат аға ісіңізге табыс тілеймін. Биіктерден көріне беріңіздер.

    Reply

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!