10

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

«Тартысты өткен жекпе-жекте сен өзіңнің спорттық шеберлігіңді тағы да дәлелдеп, чемпиондық атағыңды сенімді түрде қорғадың. Барлық қазақстандықтар сенің спорттағы зор жетістіктеріңді мақтан тұтады.

Сен өзіңнің талантың мен еңбексүйгіштігіңнің, қарапайымдылығың мен баршаға сүйкімділігіңнің арқасында бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап алдың. Осы қасиеттерің әрдайым бойыңнан табылып, жастарымыз үшін жарқын үлгі бола берсін», – делінген жеделхатта.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!