• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Президенті елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

12.04.2018
0

Ақордада бірнеше мемлекеттің Қазақстандағы елшілері Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Ал президент болса мәртебелі меймандарды дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтады. Сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарына тоқталды. Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан және Италия. Бұл мемлекеттердің елімізде биылдан бастап жаңа елшілері жұмыс істейді. Ақордаға алғаш табан тіреген дипломаттардың бойынан қобалжу байқалады. Себебі бұл тарихи сәт. Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырып, естелік суретке түскеннен кейін елшілердің көңілі орнына түскендей болды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: — Баршаңызды Қазақстандағы жаңа дипломатиялық миссияларыңыздың ресми басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жауапты әрі мәртебелі міндеттеріңіз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға серпін береді деп сенемін. Сіздердің дипломатиялық қызметтеріңіз мазмұнды әрі маңызды оқиғаларға толы кезеңде болғалы тұр. Қазақстан ширек ғасыр ішінде демократиялық жүйесі орныққан, азаматтық қоғам кемелденген, экономикасы дамыған мемлекетке айналды. Қолға алған игі бастамалардың түпкі мақсаты — әлемдегі озық отыз елдің қатарында болу. Еліміздің сыртқы саясаты көпжақты бағытта дамып келеді. Ұтымды ұстаным алдағы уақытта да негізгі бағдар ретінде таңдалып отыр. Ал қазақстандық бастамалардың халықаралық мәселелерді шешуге қосқан үлесін айрықша атап өткен жөн. Бұған Біріккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесі аясында атқарылған жұмыстар, қолға алынған бастамалар дәлел. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: — Қазақстан халықаралық байланыстарын дамыта түсу үшін көп жақты сыртқы саяси бағытын жалғастырады. Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікті халықаралық құқық негізінде нығайтуды көздейтін іс-әрекеттерді қолдаймыз. Бұған Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде атқарып келе жатқан жұмыстары дәлел. Қазақстан халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, шиеленістерді шешуге өз үлесін қосып келе жатқанын баршаларыңыз білесіздер. Солардың бірі Сириядағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу мәселесі. Бұл шиеленісті тарқату ісінде Астана процесі маңызды рольге ие болып, айтулы шаралардың біріне айналды. Қазақстан әлемдік бизнес жүргізу рейтингінде 36-орында тұр. Бұл инвестициялық тартымдылықты айғақтайтын негізгі көрсеткіш. Сондықтан кез-келген мемлекет елімізбен алдымен дипломатиялық, кейін экономикалық байланысын жақсартуға баса көңіл бөледі. Енді жаңа елшілерге жүктелген маңызды міндеттерге тоқталсақ. Бұл елдердің Қазақстанға тұрақты елші жіберіп, мемлекет басшысына сенім грамотасын жөнелтуі — стратегиялық тұрғыда маңызды қадам. Сол арқылы сан алуан саладағы қарым-қатынасқа жаңа қарқын қосылуы тиіс. Мемлекет басшысы қазақ-түрікмен қарым-қатынасына да айрықша тоқталып өтті. Ал «Италия — Қазақстанның Еуропалық одақтағы басты сауда серіктесі» деді. Арадағы тауар айналымы 10 миллиард долларға жуықтаған. Паскуале Д’авино, Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: — Италия — Қазақстанның мұнай-газ өндірісіндегі ірі инвесторлардың бірі. Енді ғарыштық спутниктер мен шарап өндірісінде және туризм саласында әріптестік аясын кеңейтуді көздеп отырмыз. Жалпы Италияның қазақ елліне деген көзқарасы ерекше. Біз қазақстандық дипломаттардың Сириядағы шиеленісті шешуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалаймыз. Саидикарим Ниязходжаев, Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстардың тарихи тамыры тереңде жатыр. Қос ел барлық салада стратегиялық байланыс орнатқан. Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға жасаған сапары барысында 2018 жылы Қазақстанда «Өзбекстан жылы» деп жарияланды. Өздеріңіз білесіздер 15 наурызда ресми түрде ашылу салтанаты өтті. Бүгін Ташкент-Алматы-Ташкент бағытында жаңа көлік қатынасы ашылды. Алексей Бородавкин, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: — Астанаға қызметке аттанбас бұрын Ресей Президенті Владимир Путиннің қабылдауында болдым. Ол Қазақстанда елші болу – үлкен сенім мен жауапкершілік екенін атап өтті. Өйткені, Ресей мен Қазақстанның әріптестігі одақта болсын, экономикалық байланыста болсын ешқашан тоқтамайды. Ғылыми-техникалық салада атомды бейбіт мақсатта пайдалану мәселесі бар. Қазір IT-технология, цифрлық экономика, мәдени өзара байланыстар да маңызды. Тойлы Комеков, Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: — Өткен жылы екі елдің басшылары дамудың жаңа бағыттарын айқындап, оларды жүзеге асыру жолдарын көрсетіп берді. Енді тек жұмыс істеу керек. Біз арадағы байланысты одан әрі нығайтып, экономикалық, сауда әрі гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыта береміз.

Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытқа жоспарланған ауқымды шараларды атап өтіп, елшілерді өзара достық байланысты бекемдеуге шақырды.

Дереккөз: 24.kz Фото: akorda.kz

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.