Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Сол себепті де Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі алдына нақты міндеттер қойғандығын атап айтты. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласы қымбат стационарлық емге емес, аурулардың алдын алуға бағытталуы тиіс екендігін міндеттеді. Осы тұста Созақ аудандық орталық ауруханада атқарылып жатқан ауқымды істер көп-ақ. Осыған байланысты журналистік зерттеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша түсірілімді Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.
АНЫҚТАМА:
Медициналық ұйымның желісі
- Жер көлемі – Стационарлық-67998,62 кв.метр, амбулаториялық-поликлиника-3740 кв.метр,
- Қолданыстағы алаңы – 5762.88 кв метр
- Қызмет түрі — Стационарлық, стационар алмастыру, амбулаториялық
- Аудан халқына стационарлық көмек көрсету мақсатында 1 аудандық, 7 ауылдық аурухана, 18 медициналық бекет қызмет көрсетеді.
- Барлығы 219 тәулік бойғы және 84 күндізгі төсек орынмен қамтылған.
Телеарнаның түсірілім жасауға ықпал еткен бас дәрігер Б.Құлмановқа және бас дәрігердің орынбасарларына Алғысымызды білдіреміз!