АҚШ президенті Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевқа АҚШ-қа сапарынан естелік ретінде гольфке арналған таяқша сыйлады. Экспонат қазіргі уақытта Елбасының кітапханасында сақтаулы тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұнымен қоса, Дональд Трамптың АҚШ-тың басқа да бұрынғы президенттері сияқты гольф ойнағанды жақсы көретіні айтылады.
Айта кетейік, елімізде гольфтың даму тарихына 20 жылдан аса уақыт өтті. Сондай-ақ, Алматыда жыл сайын Халықаралық турнирлер өтеді. Қатысушылардың саны да жыл сайын артып жатыр.
Cондай-ақ, Елбасының кітапханасында Билл Клинтон 1997 жылдың қарашасында Нұрсұлтан Әбішұлына сыйлаған гольф доптары сақтаулы тұрғаны айтылады.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz