Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2018 жылдың 10 қаңтары күні кезектен тыс ІХ сессиясы өтті. Сессияның төрағасы облыс мәслихатының депутаты Дулат Әбіштің ұсынған күн тәртібі депутаттармен бекітіліп, 6 әр түрлі мәселе қаралды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, сессияда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының құрамдас бөлігін қайта қарау ұсынысы қаралып, республикалық ономостика комиссиясының қарауына Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Астана даңғылын — Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімімен қайта атау туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады. Аталған сессияның шешіміне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, аталған мәселе бойынша тиісті құжаттарды дайындап, республикалық ономостика комиссиясына жолдайды.
«Айғақ-ақпарат»