Бүгін облыс әкімі Төлеби ауданы, Әңгірата ауылындағы «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» киелі орнына барып, ол жердегі қайырымдылық қордың жұмысымен танысты.
«Ғайып Ерен Қырық Шілтен» қайырымдылық қоры 1993 жылы құрылған. Төрағасы Махмұт Нақыпбеков. 2 гектар жерді алып жатқан әулиелі орынға жылына екі жарым мыңға жуық адам келіп-кетеді екен. Келушілерге жағдай жасау мақсатында мұнда 100 орындық қонақ үй өз жұмысын бастаған.
Мұндағы келушілерге арналған шағын мұражай да бар. Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан сыр шертетін дүниелер қойылған орынды облыс әкімі аралап көрді.
Мұнан кейін, Облыс әкімі Киелітас ауылдық округіндегі «Леңгір Құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне арнайы келді.
Жылына 1120 тонна ет өндіретін кооператив мүшесі 23 адам. Шығарылатын өнім-ет бағытындағы құс өсіру.
«Айғақ-ақпарат».