stream-00_17_08_07-still005

60 жылдық тарихы бар «Металлург» саябағы қайта жаңғыртылды

Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев  Шымкент қаласындағы 60 жылдық тарихы бар «Металлург» саябағының ашылуына қатысты.  Аталған саябақ қайта жөндеу жұмыстарынан өтіп пайдаланылуға берілді. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада Облыс әкімі тұрғындар мен қонақтарды мерекемен құттықтады.

stream-00_15_42_18-still003

stream-00_17_08_07-still005

Елбасымыз үнемі қаламыздың дамуына ерекше мән беріп, жарқын болашаққа үлкен сенім артып келеді. Металлург саябағының атауы Елбасы есімімен ерекше байланысы бар. Өйткені, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та ең алғаш еңбек жолын қарапайым металлургтен бастаған. Салтанатты мерекеге ОҚО Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Президентіміздің курстасы Аманәлі Әбдіраманов келіп, өзінің ыстық лебізін білдірді.

stream-00_15_51_02-still004

Айта кетсек, саябақтың  іргетасы 1957 жылы қаланған. Қалпына келтіру жұмыстарынан соң саялы мекеннің аумағы 3,6-дан 5 гектарға дейін ұлғайды. Демалыс аумағына жарық шамдар мен қоқыс жәшіктер орнатылып, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын субұрқақ салынды. Шара соңында, аймақ басшысы саябаққа ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың көркеюіне өз үлесін қосты.

stream-00_18_28_18-still006

stream-00_18_32_08-still007

Жансая Елемесова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!