Қазақстанда 2017 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 2016 жылғы сәйкес аймен салыстырғанда 9,7%-ға өсті, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті таратқан хабарында.
Комитет сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, 2017 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 2016 жылғы маусыммен салыстырғанда 9,7%-ға өсті. Баға кофе, шай және какаоға — 20,5%, жемістер мен көкөністерге – 17,3%, кондитерлік өнімдерге – 11,8%, алкогольді ішімдіктерге – 9,3%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 8,6%, сүт өнімдеріне — 8,4%, балық және теңіз өнімдеріне – 7,6%, нанға – 7,4%, ұнға – 5,5%, май және тоң майға – 3,8%, макарон өнімдеріне – 3,3%, қантқа – 1,1%-ға жоғарылады, ал жармаға — 2,1% төмендеді.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 10,3%-ды құрады. Құс және сиыр етіне баға деңгейі 12,9%-дан, қой етіне – 12,1%, құс етіне – 11,6%. шошқа етіне – 9%, жылқы етіне – 7,1%, шұжық өнімдеріне – 5,6%-ға жоғары болды.
ҚазТАГ
Фото: Today.kz