Аудандық мәдениет үйінде «Ордабасы» фольклорлық ансамблінің «Туған ел əуендері» концертінде жергілікті ақын-сазгерлердің шығармалары орындалды. Алыс-жақын аудандардан келген қонақтар көңіл көншітіп, жүрек қылын тербеген өнерпаздарға ризашылығын білдірді.
Аудан әкімі Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы «Ордабасы» фольклорлық ансамблінің «Туған ел əуендері» концертіне негіз болған шығармалардың авторлары — жергілікті ақын-сазгерлерге алғысын білдіріп, естелік сый-сияпат жасады. Көпшіліктің көңілінен шыққан өнерпаздардың өнерін жоғары бағалап, шығармашылық табыстар тіледі.
Ордабасы — әр қазақтың тағдырында ізі бар киелі мекен. Өзге жақтан келген қонақтар да киелі мекеннің өнерсүйер жұртына алғыс білдіріп, өнерпаздарына толағай табыстар тіледі.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.