10 мыңнан астам қырғызстандық Қазақстанда нәпақасын тауып жүр, деп хабарлады ҚырТАГ.
«Бүгінгі таңда Ресейде – 600 мыңнан астам еңбек мигранты бар, ал Қазақстанда – 110 мыңнан астам біздің отандасымыз сол жақта жұмыс жасап жүр», — деп келтірді ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі көші-қон мемлекеттік қызметінің өкілі Медетбек Айдаралиевтің сөзін.
Хабарда айтылғандай, ҚР премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков М.Айдаралиевпен бірге еңбек мигранттары мәселесін талқылады. Көші қон қызметінің басшысы атап өткендей, ведомство әлеуметтік жағдайды және шетелдегі еңбек мигранттарының келу жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуде.
«Сондай-ақ, айта кетерлігі ЕАЭО аясында еңбек мигранттарын медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген, бұл Қырғызстаннан келген еңбек мигранттарының ЕАЭО елдеріндегі медициналық қызметті пайдалануын жеңілдетеді», — деді ол.
Сонымен қатар, М.Айдаралиевтің айтуынша, қырғыз тарапы ЕАЭО кеңістігінде еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша заңнама базасын жетілдіру жөнінде жұмыстарды аяқтаған.
2016 жылдың қыркүйегінде ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Азамат Үсенов 1 млн жуық қырғызстандықтың шетелде жұмыс іздеп жүргенін айтқан еді, оның 80 мыңға жуығы – Қазақстанда.
Ақпарат көзі: ҚазТАГ