Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіптік, тарихи-мәдени нысандарды аралап, маңызды мәселелерді талқылау үшін қоғам өкілдерімен кездесу өткізеді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалайды деп күтілуде. Кәрім Мәсімов аэровокзалдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарымен танысып, Шымкент қаласындағы көлік инфрақұрылымы нысандарының қауіпсіздік жүйесін тексереді. Премьер-Министрдің жұмыс кестесінде АӨК проблемаларына ерекше назар аударылған. Кәрім Мәсімов «Мемлекет» ӘКК мысалында жеке қосалқы шаруашылықтағы тиімді өндірісті қалай ұйымдастыру керек екені туралы жұмыс барысымен танысады. Оңтүстік өңірдегі агрокәсіпкерлермен кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер талқыланады деп жоспарланып отыр. Білім беру саласындағы өзекті мәселелер жөнінде тағы бір кеңес өткізу жоспарланған. Мұнда Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, БҒМ, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облысының,…
Автор: Айғақ медиа
Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 30 тамыз–Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, облыс жастары арасында «Спорт бізді біріктіреді» атты турнир өтті. Елбасының Жолдауында айтылған бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы бойынша және жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен шараға 15 аудан, қаладан 300-ден аса спортшы қатысты. Облыс деңгейінде үшінші рет ұйымдастырылып отырған жарыста спортшыларымыз футбол, волейбол, шахмат ойындарынан бақ сынасты. Нәтижесінде: футбол ойындарынан бірінші орынды — Арыс қаласы алса, волейбол ойындарынан І орынды Түркістан қаласының спортшылар иеленді. Ал шахмат ойындарында Қазығұрт ауданы жүзден жүйрік шығып, І орынды қанжығаларына байлады. Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері…
Күріш пен мақтадан бөлек шардаралықтар көп жылдық екпелерге көңіл бөле бастады. Мәселен, соңғы бір жылдың көлемінде Тұрысбеков ауылдық округінде 220 гектарға, Жаушықұм ауылында 55 гектарға, Қоссейіт ауылында 13 гектарға жүзім көшеттері отырғызылған. Жүзімнің «тайфи розовый» сортын еккен шаруалар өнімді үш жылдан соң алатынын айтуда. Ал ауданда 209 гектар жерге егілген жүзім алқабынан өнім жиналуда. Бүгінгі күнге гектарына 35 цн өнім алған диқандар 731,5 тонна жүзім жинаған. Сонымен қатар, аудан тұрғыны А.Ибадуллаев 10 гектар алқапқа алманың «Павлинка» деп аталатын сортын өсіруді қолға алған. Ал бүгінге дейін ауданда 70 гектар жерге егілген алма баудан гектарына 25 цн. өнім түсіп, жалпы 175 тонна…
Маусым айында өткен VI шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаттарының ІІІ сессиясында 2016-2018 жылдарғға арналған бюджетінің негізінде облыстық даму бюджеті нақтыланды. Осы мәселеге қатысты материалдар жинақталып, аудан және қалаларына нақты салынатын құрылыс нысандары түрлеріне сараптама жүргізілді. Соның қорытындысын ұсынып отырмыз. Облыстық даму бюджетін нақтылауға қатысты САРАПТАМА КЕСТЕСІ мың, теңге № Аудан, қала аты (халық саны) Бөлінген қаражат 2016 жылы нақты берілгені Салынатын құрылыс нысандарының түрлері Халқы 200 мыңнан асатын аудандар мен қалалар 1. Мақтаарал ауданы (294 298) 55 993 39 539 Мақтаарал ауданы, 2016 жылы 11 ауылында 8 акушерлік-фельдшерлік, 2 медициналық тіректері және 1 аудандық емхана салынады. Атап айтқанда, Еңбекші ауылында 2,…
Облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев пен қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Шымкент қаласындағы құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар көшелердің жұмысымен танысты. Жыл басында өңір басшысының тапсырмасына орай жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, қаланың орталық көшелерін кеңейту жұмыстары басталған болатын. Осы аталған тапсырманың орындалуын қадалаған әкімдік өкілдері Тәуке хан мен Д.Қонаев даңғылы бойындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын аралап көрді. Қазіргі таңда қаланың орталық көлік қозғалысындағы маңызды бағыт—Тәуке хан даңғылы бойындағы жол жиегіндегі арықтар, аяқжолдар мен пандустар жаңартылуда. Күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдың қараша айына дейін жалғасын таппақ. Қуантарлығы, құрылыс жұмыстарына пайдаланылған қажетті материялдардың 95 пайызы отандық құрылыс өнімдері. Айта кетейік, жалпы облыста 199 нысанда…
Қазақ тіліне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы ҚР вице-премьер-министрі Дариға Назарбаева тамыз жиналысы барысында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазақ тіліне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Керісінше, тек бір пән қазақ тілінде өтіп жүрген орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілде білім беруді жетілдіру жоспарланып отыр. ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тілді үйренуге бағытталған жаңа әрі жеңілдетілген әдістемені жасап жатыр. Мен білім берудің бұл әдісі сәтті болатынына сенемін. Пәндерді оқытқанда бізге тіл неге керек? Егер ол тілді күнделікті қолданбасаң, тез ұмытып кетесің», — деді Дариға Назарбаева. Вице-премьер-министрдің айтуынша, бұл пікірталаста көптеген түсініспеушілік бар. Сондықтан түрлі қауесеттер тарап жатыр екен. «Үш…
Үкімет Үйінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен мемлекеттік ақпараттық саясат және ұлттық және аймақтық брендтерді қалыптастыру бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pm.kz сайтына сілтеме жасап. Отырыс барысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ақпараттық саясат стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстағы өзара іс-әрекеті жүйесіндегі ағымдағы жағдай туралы мәлімдеді. Бұдан өзге, Дәурен Абаев министрліктің Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жұмысының ережелері жасалғанын баяндады, оның аясында уәкілетті лауазымды тұлғалар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жеке жауапты болады. ҚР премьер-министрінің орынбасары орталық мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға және облыс әкімдіктеріне Ақпараттық жұмыс ережелерін зерттеп, өз ұсыныстарын ҚР Ақпарат…
Еліміздің ұстаздары бірінші сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқытуға дайын, деп мәлімдеді ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев. Үкіметтің ресми сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, «2016 жылы барлық деңгейге арналған Мемлекеттік білім беру стандарты мақұлданды. Біз көп жұмыс істедік, ол әлемдік стандарттарға сай болып отыр. Жаңа МЕСБ бағдарламалары кезең-кезеңмен 30 пилоттық мектепте апробациядан өтуде. Барлық жерде оңтайлы көрсеткіш белгіленіп отыр. Біз оқушылар мен ұстаздардан, ата-аналардан жақсы пікірлер естідік», — деді Е.Сағадиев тамыз кеңесі барысында. Министр айтып өткендей, бірінші сыныпқа арналған базалық оқытулық дайын болды. «Менің оған көзім жетті. Толық шығарылды. Қазір мектептерге оқулық жеткізу жүзеге асуда. Жалпы, базалық оқулықтар өте зор…
Астана-Алматы және Алматы-Шымкент бағытында екінші «Тальго» маршрутын қараша-желтоқсанда іске қосу жоспарлануда, деп мәлім етті «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай. «2016 жыл соңына дейін біз Астана-Алматы және Алматы-Шымкент бағытында екінші «Тальго» маршрутын іске қоспақшымыз. Осы бағыттармен тәулігіне екі рет «Тальго» жүретін болады. Айталық, біреуі таңертең шығып, кешке баратын болса, екіншісі — кешкісін шығып, таңертең барады. Ол басқа да өркениетті елдердегідей болады. Біз оны қараша-желтоқсанға жоспарлап отырмыз», — деді бейсенбі күні Н. Қилыбай журналистерге. Оның айтуынша, компанияның «Талгодан» көріп отырған кіріс үлесі 20%-дай және ол өсіп келеді.

