Автор: Айғақ медиа

Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев халыққа есеп беру кездесуі жиынында айтты. Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2020 жылы 1,1 трлн. теңгеге жетіп, орташа есеппен нақты көлем индексінің өсімі жыл сайын 2-3 пайыз деңгейінде жоспарлануда. Бұл көрсеткішке жету үшін Индустриаландыру картасы аясында       2017-2020 жылдары 91 жоба іске қосылуы керек. Оның ішінде  2017 жылы 20 жобаны іске асырылады деп күтілуде. «Елбасы биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа индустриялар құрумен қатар, дәстүрлі өнеркәсіптің басым салаларына ерекше көңіл бөліп отыр. Мұнда  бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту міндеттері қойылды. Осы мақсатта, облыс экономикасына 1 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бірқатар,…

Read More

Америкалық «Мұра қоры» зерттеу орталығы (The Heritage Foundation) экономикалық еркіндіктің халықаралық рейтингісінің деректерін жаңартты. Қорытындысы бойынша Қазақстан өз позициясын бірден бірнеше пунктке жақсартып, рейтингте 42 орынға ие болды. Сонымен қоса Ресей мен Беларусьтан алға шықты. Еліміз 100-ден 69 балл сомасында жинады (елдің экономикалық еркіндігінің максималды рейтингісі). Өткен жылмен салыстырғанда экономикалық еркіндік көрсеткіші бірден 5,4 пунктке жақсарды. Бүгінде Қазақстан рейтингте өзінің 42 орнын Ямайка мен Перумен бөлісуде. Бір жыл бұрын Қазақстан бар болғаны 69 орында болған. Бүгінде отандық экономикадағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Польша, Румыния, Бельгия, Түркия секілді елдерден де жоғары көрсеткіш көрсетті. Рейтингте бәрінен жақын тұрғаны Польша – 45 орын. Рейтингті…

Read More

Қазақстан Парламент Сенатының депутаттарын сайлау 2017 жылғы маусымда болады, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Владимир Фоос. «Заң бойынша, 30 сәуірден кешікпей тағайындалатын сенат депутаттарының сайлауы жазда, 30 маусымнан кешіктірілмей өткізілуі тиісті», — деді В. Фоос жұма күні ОСК отырысының ашылуында. Оның айтуынша, ол сайлауларда негізгі ауыртпалық облыстар мен Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жүктеледі. Еске салсақ, ҚР Конституциясына сай, сенатқа ҚР конституциялық заңымен бкітілген тәртіпте әр облыстан және республикалық қала мен ҚР елордасынан екі адамнан сайланады, ал 15 сенаторды президент тағайындайды. В. Фоос 2017 жылы сайлау науқанына толы болатынын қадап айтты. Наурыз соңында және қазанда шығып…

Read More

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2016 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беруде. Онда әкім өткен 2016 жылы өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылдары іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндауда.Есепті кездесуге жергілікті тұрғындармен қатар, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қ.Айтаханов пен Ә.Бектаев жəне ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы М.Имандосов қатысты. Айта кетейік, өңір басшысының халық алдындағы жылдық есебі биыл алғаш рет онлайн режимде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ontustik.gov.kz сайтынан көрсетіліп, 3 миллионға жуық халқы бар күнгей тұрғындарын қамтуда. Сондай-ақ, қазіргі Түркістан сарайында өтіп жатқан жылдық есептен бөлек, әрбір аудан, қалалардағы әкімдіктерде де жергілікті халық…

Read More

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев іс-сапармен Мақтарал ауданына келді. Ауданның ағын су жүйелерінің қазіргі жағдайымен танысқан су басшысы аудан тұрғындарымен арнайы жиын өткізді. Жиында «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Мақтарал аудандық филиалының басшысы Байжан Әліпбеков өңірдегі ағын су мәселесіндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен ПУИД-2 жобасының аясында атқарылуы тиіс жұмыстар туралы баяндама жасады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша іске асырылып жатқан «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру (ПУИД-2)» жобасының екінші кезеңі аясында Мақтарал ауданындағы суармалы жерлердің тұздану дәрежесін болдырмау үшін облысқа бөлінетін 32 миллиард теңгенің 22 миллиард теңгесі дәл осы өңірге бөлінетіндігін Ислам Әбішев атап өтті. «Мақтарал –…

Read More

Кеше облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-де ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Дауларды, тартыстарды шешудегі медиация негізі. Міндетті сотқа дейінгі реттеу» тақырыбында практикалық семинар өтті. Семинарға судьялар, құқық қорғау орындарының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, аудан, қала әкімдіктерінің медиация ісіне жауапты мамандары қатысты. Жиынды облыстық ассамблея хатшылығының бас инспекторы Бақытжан Полатов ашып, жүргізді. — Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен шешетін медиаторлар желісін дамытуды ассамблеяға жүктеген болатын. Бұл бағытта облыстық сотпен, әділет департаментімен, нотариаттық палатамен және адвокаттар алқасымен түзілген өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум аясында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Елімізде «Медиация туралы» заңның қабылдануы, өркениет көшіне…

Read More

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев министрлерге соңғы ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасында бірінші оқылымда азаматтық банк заңнамасын жетілдіру және кәсіпкерлік қызметі жағдайын жақсарту мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды. Осы заң бойынша әділет министрі Марат Бекетаев пен Людмила Полторабатьколар баяндама оқығаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметінің мүшелеріне Үндеу жасады. «Осы мәселе бойынша пікірталасқа түспей тұрып, ескерте кетейін, үкімет басшыларының отырғанын пайдаланып, заң жобасын осындай аз уақытта соңғы рет қарап отырмыз. «Аз уақыттың ішінде қабылдаңыздар» деген және тағы басқа өтініштеріңізді айтуды тоқтатыңыздар. Біз сіздерді түсініп, әрқашанда сіздермен бірлесе істейміз, бірақ бұл соңғы рет болсын», — деді Тоқаев. Ақпарат көзі…

Read More

2020 жылға қарай көліктің барлық түрінен транзиттік тасымалдардан түсетін кіріс 1 трлн 300 млрд теңгені құрауы тиіс. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр хабарлады. Еуропа-Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік тасымалдар 2016 жылы екі есеге өсті және 104,5 мың контейнерді құрады. Вице-министр осындай қарқын 2020 жылға қарай Қазақстанның барлық контейнерлік тасымалдарының көлемін 2 млн контейнерге дейін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. 2016 жылы транзиттік авиа жолаушылар саны 250 мыңнан 478 мыңға дейін ұлғайды. Бүгінде жолаушылардың негізгі ағыны Азиядан Еуропаға және кері бағытта байқалады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 600 мың адамға жетеді деп жоспарланған. Еске сала кетейік, ҚР…

Read More

Облыстарда спортты дамытуға қаржы бөлген кезде тепе-теңдік сақталмайды. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Денешынықтыру және спорт туралы» ҚР заңына тиісті өзгертулер ұсынған. Бүгінде заң Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Егер құжат заңды күшіне енетін болса, ол еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға тың серпін береді. Сондай-ақ, өңірлерге қаржы спорттық жетістіктеріне қарай берілуі мүмкін. Бұл туралы министрліктің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  «Елімізде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл сайын 40 мыңнан астам спорттық іс-шара өткізіледі. Оларға 5 млн-ға жуық азамат қатысады. Бірақ өңірлерге қаржы бөлуде тепе-теңдік сақталмайды. Бұл – өте күрделе мәселе. Осыған депутаттар…

Read More

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Шымкенттің архитектуралық келбеті мен көлік инфрақұрылымын дамыту жайы туралы мәжіліс өтті. Жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, шаһар әкімдігіне қарасты аудан әкімдері мен салалық бөлім басшылары және 30-дан астам мердігер компанияның жетекшілері қатысты. Жиындағы бірінші мәселе — Шымкент әуежайынан әкімшілік іскерлік орталыққа дейінгі ұзындығы 17,8 шақырымды құрайтын орталық көшелер – Темірлан тас жолы, Желтоқсан мен Бәйдібек би көшелері, Д.Қонаев және Астана даңғылдарының бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін әрлеу жайы бойынша баяндама жасаған Ғ.Әбдірахымов аталған басты бес көше мен даңғылдың бойындағы 17 көпқабатты тұрғын үй жөндеп, әрлеуді қажет ететінін жеткізді. Нақтырақ айтқанда, Темірлан…

Read More