Сайрамда «Жастар жырлайды» атты жыр жинағы оқырманға жол тартты. Сайрамдық жас ақындардың бұл кітабы аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлының тікелей бастамасымен жарық көріп отыр. 5 бөлімнен тұратын кітап Алматы қаласындағы «Үш қиян» баспаханасында басып шығарылған. Таралымы 500 дана. Ауданда алғаш рет жарыққа шыққан бұл туындыда Сайрам ауданының 14 пен 29 жас аралығындағы 19 ақынның өлең жолдары мен 1 жазушының шығармасы енгізілген.Кітап ақын, жазушылардан бөлек, аудандағы барлық кітапханалар, мектептер мен колледждер, бөлімдер мен жергілікті әкімдіктерге және кітап сүйер қауымға тегін таратылады. Жастардың бастамасын қолдап, ақындардың бір арманын ақиқатқа айналдырған Ұласбек Сәдібекұлына жас ақындар дән риза. Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» Баян Керімқызы кездесуде сөз алып, жастардың жаңа бастамасына сәттілік тіледі.Ұласбек Сәдібекұлы «Жастар жырлайды» кітабының тұсауын кесті. Сондай-ақ «The best jastar» форумы жылының үздік жастарын марапаттады. Үздіктердің қатарында Аманхан Бекболатұлы,Сәкен Бибосынов, Әділхан Маратұлы, Тажиев Сиражиддин және Хасантаев, Нодиржан есімді жастар бар. Үздіктерді ынталандыру мақсатындағы бұл форум жыл сайын өткізіледі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Жылдың белсенді жасы» номинациясымен түрлі саладағы 12 жас марапатталады.