Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкентте күн электр станциясы іске қосылды
    Айғақ MEDIA

    Шымкентте күн электр станциясы іске қосылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.02.20211 134 Views

    Шымкент қаласындағы Айкөл тұрғын алабында қуаттылығы 20 МВт-ты құрайтын күн электр станциясы жұмысын бастады. Бұл мегаполистегі үшінші күн электр станциясы. Аталған аумақтағы электр станциясы 50 гектар жерді алып жатыр. Жобаға шетелдік инвестор тартылған. Оның жалпы құны – 6,2 млрд. теңгені құрайды.

    Жоба 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Станция 45 мыңға жуық тұрғынды электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Бүгінгі таңда, күн электр станциясымен өндірілген электр қуаты «КЕГОК» АҚ-ның қосалқы станциясы арқылы қалаға таратылуда.

    Жалпы Шымкент қаласында жаңартылатын энергия көздерін дамыту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.

    Мәселен, «Су ресурстары-Маркетинг» кәсіпорнымен Ақбай-Қарасу су жинақтаушы имаратында құны шамамен 230 млн. АҚШ доллары болатын геотермальды сорғы жабдықтары орнатылған. Нәтижесінде кәсіпорынның электр қуатын пайдалану шығыны 5 есеге төмендеген. Сонымен қатар, аталған су жинақтаушы мекемесінде сағатына 200 кВт электр қуатын өндіретін күн электр батарейлері орнатылған.

    Бұдан бөлек, кәріз тазалау имаратында сағатына 2 мың киловатт электр қуатын өндіретін кіші су электр стансасы мен газ және электр энергиясын өндіру мақсатында сағатына 400 киловатт электр қуатын өндіретін Биогаз қондырғысы іске қосылған. Нәтижесінде, электр қуатының тұтыну көлемі

    88 пайызға төмендеп, шайынды суларды тазалау қуаты тәулігіне 100 мың м3 — 150 мың м3 дейін өсті. Сонымен қатар, бір жылда 67,3 млн. теңге қаражат үнемделген.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.