Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ө.Шөкеев отандық құрылыс материалдарына басымдық беруді тапсырды
    Айғақ MEDIA

    Ө.Шөкеев отандық құрылыс материалдарына басымдық беруді тапсырды

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.02.2021611 Views

       Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті рет Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, ондағы жұмыс барысын бақылады. Облыс басшысы отандық, жергілікті құрылыс материалдарына басымдық беруді тапсырды. Құрылыстың сапасы қатаң бақылауда екенін ескертті. Аймақ басшысы облыс орталығында жүріп жатқан құрылыс нысандарында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты.    Өмірзақ Естайұлы Түркістанның брендіне айналатын негізгі жобалардың бірі – «Керуен сарайдың» құрылыс аумағында болды. 20 гектардан астам аумақта орналасқан көпфункционалды туристік кешені наурыз айының аяғында пайдалануға беріледі. Мұнда кинотеатр, ұшатын театр, шығыс базары, амфитеатр, халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер, мейрамханалар, жасанды көл бар. Тұрғындардың игіліне қызмет көрсететін бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған.    Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған кешен халықаралық талаптарға сай салынуда. Бұл жобаның Қазақстанда баламасы жоқ. Облыс басшысы аралаған қонақ үйлерде 100-ден астам бөлмелер, демалыс аймағы, фитнес орталықтары орналасқан. Құрылысқа 500-ден астам жұмысшы жұмылдырылған.    Өңір басшысы Ясауи мұражайында болды. Үш қабатты нысанның құрылысы толық аяқталып, ішкі жұмыстарына білікті дизайнерлер тартылған. Туризмді түлетуге басымдық берілген Түркістанның рухани-мәдени орталығында, кесене маңында бой көтерген зәулім ғимараттың жалпы ауданы – 3 мың шаршы метр. Келешекте мұнда 100 адам жұмыспен қамтылмақ.     Облыс әкімі облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында болды. Білім ошағында 400 орынға лайықталған оқу залы болады. Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы 8 мың шаршы метрден асады. Кітапханада 250 мың кітап қоры болады.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.