Кентау қаласына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғындары әкімнің уәдесін алды. Мәселе Ибата елді мекені мен Шоқтас ауылын байланыстыратын жолға қатысты туындаған болатын. Халықтың талап-тілегі ескеріліп, биыл аталған бағытта 12 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы басталмақ. Бұл туралы жылдың қорытынды есебінде Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов мәлімдеді. Қуанышты жаңалықты естіген ауыл ағайыны алғысын білдіріп, бастаманың аяқсыз қалмауын сұрады. Ал, қала әкімі Ибата мен Шоқтас ауылдарын байланыстыратын жолдың жобасы тиісті басқармаға ұсынылғанын айтып, мәселе биыл толықтай шешіледі деп уәде берді. Айғақ-ақпарат