Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қала көшелерін жиылған қар үйінділерінен тазарту мақсатында шаhар тұрғындарынан мекен-жай қалдыру бойынша әлеуметтік желілердегі парақшасында жазба қалдырған болатын. Аталған сауал бойынша қала тұрғындары белсене қатысты. Яғни, екі күн ішінде Рашид Абатұлының «Инстаграм» және «Фейсбук» желісіндегі жазба астына пікір қалдырылып, 109 — Бірыңғай байланыс орталығы тарапынан назарға алынып отырды және жауапты мекемелерге жолданды. Нәтижесінде, 200-ден астам өтінім бойынша «Түркістан жарық-тазалық», «Жасыл Түркістан» және «Жасыл Арман» мекемелері тарапынан екі күн ішінде 58 көше тазартылды. 200-ге жуық жұмысшы тартылып, 20 шақты қар тазалау, трактор және басқа техникалар жұмылдырылды. Сондай-ақ, 450 жүк тасымалдайтын автокөліпен қар қала сыртына шығарылды. Егер де, қар үйінділері тазартылмаған көшелер болса, мекен-жай жазып қалдыруларыңызды сұраймыз!