Осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 10 қаңтарында ҚР Ішкі істер министрлігі «Ішкі әскері» құрылды. Ал 2014 жылы құрылым «Ұлттық Ұлан» болып қайта бекітілді. Құқықтық тәртіп әскерінің төл мерекесіне орай, Шымкент қаласының төрінде алғаш рет «Ұлттық Ұлан» ән-би ансамблінің гала-концерті өтті.Тәуелсіздігімізге тірек болып жүрген «Ұлттық Ұлан» сарбаздары жыл сайын дәстүрлі түрде төл мерекесін бас қалада атап өтетін. Бұл жолғы шара 6506 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен үшінші мегаполисте жалғасын тапты. Жалпы Ұлттық ұлан әскері карантин кезінде де жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Сарбаздардың еселі еңбегі жыл басында мерейлі мерекемен басталды.